Көптілді білім беру орталығы
Көптілді білім беру орталығы - кадрлардың тілдік дайындығын, қазақ және шетел тілдерін тиімді меңгеруін ынталандыру мақсатымен 2016 жылы құрылған Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі және келесі негiзгi функциональдық мiндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді: экономикалық, техникалық және гуманитарлық мамандықтары бойынша көптілді білім беруді кезең-кезеңмен енгізу, көптілді білікті кадрлармен қамтамасыз ету, тіл курстарын ұйымдастыру, стратегиялық әріптесті іздеу және тарту, жыл сайынғы кітаппен қамтамасыздандыру талдауын жүргізу және көптілді оқу-әдістемелік әдебиеттермен электронды деректер базасын толықтыру, шетел тілдерін оқыту және шетел тілінде пәндерді оқытудың қазіргі заманғы әдістері бойынша бағдарламаларды әзiрлеу.
Орталықтың мақсаттары, міндеттері және функциялары:
- ҚҚЭУ-де көптілді білім беру үдерісін басқару;
- көптілді білім беру субъектілерінің қызметін реттеу;
- көптілді білім беру үдерісін реттеу;
- көптілді білім беру мониторингін жүзеге асыру.
Орталық жүзеге асыратын негізгі функциялар:
- Жаратылыстану-ғылыми, инженерлік-техникалық және гуманитарлық-педагогикалық бағыттардың басым мамандықтары бойынша көптілді білім беруді кезең-кезеңмен енгізуді ұйымдастыру.
- Көптілді оқытушылар мен студенттердің санын көбейту үшін тілдік курстарды ұйымдастыру (мемлекеттік тілді білу деңгейлері бойынша).
- Көптілді оқытушылар мен студенттердің санын көбейту үшін тілдік курстарды ұйымдастыру (шетел тілін білу деңгейлері бойынша).
- Көптілді оқытушылар үшін интеграцияланған оқыту әдістемесі бойынша курстар ұйымдастыру.
- Көптілді ҚҚЭУ оқытушылар мен студенттеріне арналған халықаралық емтиханға дайындық бойынша тілдік курстарды ұйымдастыру.
- Алыс және жақын шетел елдерден ғалымдарды тарту, көптілділікті дамыту үшін дәрістерді оқу және практикалық сабақтарды, семинарлады, тренингтерді өткізу мақсатымен профессорлардың келуі.
- Бакалавриат және магистратура мамандықтары пәндерінің үш тілде оқулықтармен және оқу-әдістемелік құралдарымен жыл сайынғы кітаппен қамтамасыздандыруды талдау.
- Кітапханалық қордың оқу, әдістемелік, ғылыми, анықтамалық және басқа да әдебиеттермен және мультимедиялық материалдармен мемлекеттік және шетел тілдерінде толықтырылуы.
- Алыс және жақын шетел елдердің серіктестерімен бірлескен оқулықтар мен оқу құралдарын, ғылыми мақалаларды жазуды ұйымдастыру.
Көптілді білім беру орталығының құрамы
Сергалиева Динара Талгатовна
Лауазымы: аға әдіскер
Білімі: жоғары, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.
Сметова Адина Галымжанқызы
Лауазымы: аға әдіскер
Образование: жоғары, Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, педагогика және психология ғылымдарының магистрі, «Болашак» Қарағанды университеті.
Байланыс ақпараты
Мекен-жайы: Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 9, № 281 кабинет.
Телефон: +7 7212 44 16 24 (ішкі 6525)
Факс: +7 7212 44 16 32
E-mail: keu.kz