Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы

Атауы: «Сөз маржаны – халық мұрасы»

Өткізілетін күні: 30.11.2010г., сағ.14.00

Өткізілетін орны – ҚҚЭУ кітапханасы

Мақсаты: Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, оқушылардың білім деңгейін, шығармашылық ізденісін, танымдық қабілетін, ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту арқылы сөз өнерін насихаттау.

Қатысушылар: қалалық мектеп оқушыларының 11-сынып оқушыларынан 3 оқушы. Сонымен қатар, өз ойыншыларын қолдаушы жанкүйерлер (11 сынып оқушылары)

Сайысқа қатысушы оқушылар тізімі мен команданың атын 26-қарашаға дейін келесі мекенжайға хабарлауларыңызды өтінеміз:


ЕРЕЖЕСІ:

Өткізілетін күні – 30 қараша 2010ж., сағ.14.00

Танымдық ойын келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

1. Мақал – сөздің мәйегі

а) тақырып бойынша мақал айту; Мысалы: тіл туралы – Өнер алды – қызыл тіл.

ә) мақалдың жалғасын табу; Мысалы: Көшерін жер, ...

б) жасырылған мақал-мәтелді табу.

2. 100 тағылым

Философиялық мағынадағы жұмбақтар шешу; Мысалы: Дүниедегі ащы не? – Дүниедегі ащы – тіл.

3. Салт. Дәстүр. Әдет. Ғұрып.

Тақырып бойынша берілген жағдаяттық сұрақтарға жауап беру. Мысалы: Ұзатылатын қыз тойында қыз-жігіттер тобы – кететін қыздың көңілін аулау, бара жатқан жағында да осындай жақсы жайлар болатынын өлеңмен айтысады. Сонымен бірге олар қыздың  бақытты,абыройлы, елге сыйлы болуына тілектестік білдіреді. Сұрақ: қандай салт-дәстүр жайлы айтылған, жауап: жар – жар.

4. Өнер алды – қызыл тіл.

Даналардан қалған сөздер, нақыл сөздер, шешендік сөздерді, мақал-мәтелдерді бүгінгі күнмен ұштастыра отырып ой-толғау. Мысалы: Қыстың қамын жаз ойла, жаздың қамын қыс ойла.

5.     Қарашаңырақ

Қазақ халқының мәдениеті мен этнографиясына байланысты тақырыптар бойынша сөз мағынасын ашу. Мысалы: уық - киіз үйдің сүйегі

6.     Көз салдым, жүйрігі мен жорғасына

Төрт түлік мал, жан – жануарлар (жасы, дыбыстауы, шақыруы) туралы сұрақтар.

Қарағанды қ., Академическая көш., 9-үй, 2-қабат, 263-каб.

Тел.: 44-15-92 + 148 (ішкі)

Факс: 44-16-32 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus