Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының оқытушылар қауымы Тәуелсіздік күні мерекесіне арналған «ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 20 ШЫҢЫ» атты фестиваль  шегіндегі «ЖҚжАП кафедрасының «АУЫСПАЛЫ КУБОГЫ» үшін сайыс - дебат турнирінің»  жұмысы барысында мектеп оқушылары мен студенттер қауымының бірлескен «ЕЛ БОЛАШАҒЫ» дебат мектебінің салтанатты ашылу шарасы өткізілуге жоспарланып отыр.

«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан, әрі байырғы, әрі мәңгі  жас, отты да ойнақы Ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде артық не бар екен!» - деген елбасымыз Н.Назарбаевтың асыл сөздерін ұран етіп ала отырып, Тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өткелі отырған Қазақ елінің болашағы –  білімді, дарынды жастарды дебат мектебінің мүшелігіне шақырамыз.

«Ел болашағы» дебат мектебінің салтанатты ашылу мерзімі: 25.11.2011 жыл. 10.00 сағ. ҚҚЭУ ғимараты. Тұрсынбаев Олжас - Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript..


Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus