ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛАДЫ

2011 жылдың қараша айының 15 жұлдызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің  ғимаратында жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының оқытушысы Искакова Ж.А. өзінің жетекшілігіндегі Ю-23к топ тәлімгерлерінің көмегімен «ТӨЛ ТЕҢГЕМІЗДІҢ  ТУҒАН КҮНІ»  атты зияткерлік сайыс түріндегі ашық кураторлық сабағын өткізді.  Бұл сайыс жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырған  «Тәуелсіздіктің 20 шыңы»  айдарындағы фестиваль шегінде жоспарланған  шараның бірі. Сайыстың қызықты өтуіне факультетіміздің Ю-23к, Ю-11к және Ю-15с/к топ тәлімгерлері өз үлестерін қосты.  Сайыстың белсенді жүргізушілері - Бодеева Маржан мен Даригулов Дастан (Ю-23к).


Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus