«Тәуелсіздік – тұғырым»

09 қараша (бейсенбі) күні, сағат 15.00-де қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл толуы қарсаныңда студенттердің «Тәуелсіздік – тұғырым» атты ғылыми - теориялық конференциясы өткізілді. Бұл тағылымды шараға білімгерлер белсенді атсалысып, тәуелсіздік ұғымын және қастерлейтінін паш етті. Жасалған баяндамалар мазмұндылығымен, мәнділігімен тартымды болды. Бұл мерейлі мерекеге арналған тағылымды жиын. Баяндамашылар слайдтармен әдемі көмкерілген еңбектерін қызыға баяндады. Үздік шыққан білімгерлер 1,2,3 дәрежелі дипломдармен, барлық қатысушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. Бағалаған әділқазылар мүшесі болған кафедра оқытушылары талапкерлердің еңбектерін әділ бағалауға бар күштерін салды. Басқосу білімгерлерге отансүйгіштік қасиетті үлгі етіп, өнегелі іс болды деп есептейміз.
Вложения:
Скачать этот файл (Фото конференции.pdf)Фото конференции.pdf6644 Кб

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus