Қашықтықтан оқыту технологиясы туралы қысқаша мәлімет.

Қазіргі күнде оқу орнына күнделікті бармастан жоғары білім алу мүмкіндіктер бар. Бұл мүмкіндіктердің бірі ол ақпараттық-білім беру технологиялары мен байланыс жүйелері арқылы жүзеге асырылатын қашықтықтан оқыту. Қашықтықтан оқыту бүгінде жоғары білім алудың ең демократиялық нұсқасы болып, оны еліміздің университеттері белсенді түрде ұсынуда.
Күндізгі оқу бөлімімен қатар, қашықтықтан оқыту жүйесі белсенді түрде дамуда, сондай-ақ, бұл оқыту жүйесі де кез-келген адамға қол жетімді. Яғни,оқытудың бұл түрі адамның жасына, кәсіби деңгейіне немесе қашықтықта орналасуынан сабаққа жиі қатыса алмайтын, жұмысы себепті, денсаулығы сырберуінен, яки кішкентай балаларға қамқор болуына байланысты қатыса алмайтын адамдар үшін өте тиімді оқыту жүесі болып табылады.
Сонымен қатар, мұндай оқыту жүйесі тиімділігі жеке қатысуға уақыты жоқ алайда дәрістерді оқытушының өзінен тікелей тыңдап, талқылағысы келетін студенттерге өте ыңғайлы.
Қашықтан оқыту жүйесі университетіміздің білім беру порталына сәйкес (cdo.keu.kz) жоспарланған, онда видео дәрістер, сабаққа дайындалуға арналған материалдар, онлайн-конференциялар тікелей онлайн байланысы арқылы және де студенттермен электронды байланыс поштасы арқылы, әлеуметтік желілер немесе скайп арқылы өтеді. Қашықтан оқитын студенттер, басқа студенттер сияқты, белгілі бір топтарға жазылып, оларға сабақ кестесі мен жеке кабинетке кіру үшін пароль беріледі. Бұл жеке кабинеттерінде студенттер дәрістерді оқулары үшін қажетті жазбалар, оқулықтар, бақылау және басқа тест материалдарын таба алады. Апталық немесе семестрге қатысты тапсырмалар да беріледі. Барлық мәліметтер студенттің электронды поштасына жіберіледі.
Қашықтықтан оқыту жүйесінде студенттің жеке сабақ кестесі жоқ, сол себепті сіз оқу жылына бекітілген университеттің академиялық оқыту кестесіне бағынуыңыз қажет. Дегенмен, күннің көп бөлігін мониторда өткізудің қажеті жоқ, өйткені студент міндетті түрде қатысуын талап ететін семинарлар немесе коллоквиумдар де өткізіледі. Қалған материалдарды барлығын ыңғайлы болғануақытында білуіне болады. Алайда қашықтықтан оқыту жүйесі студенттен үлкен тәртіпті талап етеді. Емтиханға қатысуға рұқсат алу үшін
семестрде немесе оқу жылында қарастырылған барлық тапсырмаларды орындау қажет.
Әр студентке куратор тағайындалады, ол оған оқуда көмектесіп, оқу барысындағы барлық сұрақтарына жауап береді. Әдетте студенттерге тақырып бойынша кеңес алуларына арнайы оқытушылар белгіленеді. Сіз университетке (қашықтықтан оқыту орталығына) тікелей кеңес алу үшін келуіңізге болады.Бірақ бұл қажет емес. Студенттің міндетті түрде университетке келіп қатысуы емтихан кезінде және диссертацияны қорғау кезінде ғана қажет.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus