6В05201 Экология

Қарағанды экономикалық университетінде 6В05201 "Экология" білім беру бағдарламасы бойынша, "Экологиялық менеджмент" мамандандыруымен қабылдау жүзеге асырылады.

ҰБТ тапсыру кезіндегі бейіндік пәндер: биология, география.

"Экология" білім беру бағдарламасының мақсаты: экология саласындағы, базалық, бейіндік, соның ішінде экономикалық пәндер бойынша іргелі білімі бар, еңбек талаптарына және жаңа технологияларға бейімделген, қазіргі жағдайда кәсіби қызметтің теориялық және практикалық міндеттерін шығармашылықпен шешуге қабілетті бакалаврларды сапалы дайындау.

Бітірушілердің кәсіби қызметінің объектілері болып табылады:

  • экология департаменті;
  • аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары;
  • өнеркәсіптік кәсіпорындар, энергетика объектілері;
  • агроөнеркәсіптік кешендер;
  • биосфералық резерваттар, ұлттық саябақтар мен қорықтар;
  • білім беру ұйымдары, ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары.

Жоғары білімі бар түлек келесі лауазымдарда жұмыс істей алады: өндіріс салалары бойынша эколог, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі инспектор, эколог-инженер, ғылыми-зерттеу, орта және жоғары оқу орындарында эколог-зертханашы, эколог-менеджер.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus