Жетекшілері «Жайна»

Алға! Жетістікке қарай ұмтыл! 1999 жылы Қарағанды экономикалық университетінде осы ұранмен «Жайна» ансамблі ұйымдастырылған еді. Ансамбль құрамында қазір 40 адам билейді, олардың 20 - негізгі құрамда, қалған балалар даярлайтын топта шұғылданады.
Ансамблді құрушы және оны рухтандырушы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ректоры Аймағамбетов Ерқара Балқараұлы э.ғ.д., профессор, жас ұрпақты отан сүйгіштікке және биік мәдениеттілікке, әлемдік рухқа тәрбиелеуші. Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің жоғарғы білімді, мәдени және озық мамандар даярлап шығуына барлық жағдай жасауда. Студенттер жетекшілерін өте жақсы көреді және ҚЭУ-де оқитындарын мақтан етеді. Өйткені, ол - Тәуелсіз Қазақстан Республикасының қалыптасуына бағаланбас үлес қосуда

 

Жетекшілері «Жайна»

«Жайна» ансамблін құрушы және жетекшісі Савельева Татьяна Владимировна. Ол Қарағанды қаласының мәдениетін дамытуға үлес қоса отырып, үлкен жетістіктерге жеткендігі үшін 2000 жылы әртістік «Дарынды шебер» номинациясының сыйақысымен марапатталды, 2002 жылы «Жыл Хореографы», 2002 жылдың наурыз айында «Наурыздың 100 жақсы әйелдер» атты номинациясы бойынша облыс Әкімінің алғыс хатымен, сонымен бірге 2005 жылы облыстық мәдениет Департаментінің мадақтау хатымен марапатталды. Қарағанды қаласының мәдениетіне және көркемөнерге үлес қосқаны үшін облыс Әкімінің мадақтамасымен, ҚР Конституциясының 10-жылдық мерей тойына байланысты ҚР Президенті Н.Назарбаевтың №1633 25 тамыз 2005 жылғы бұйрығымен мемлекеттік медальмен марапатталды. Татьяна Владимировна Испанияда, Туркияда, Мысырда, Германияда, Швецияда, Финляндияда, Үндістанда, Белорусияда, Ресейде өткен халықаралық байқаулардың лауреаты.

Жетекшілері «Жайна»

 

2006 жылдан бастап ансамбльде ассистент хореограф Вицентий Юлия Николаевна жұмыс істейді. Ол Қарағанды қаласының мәдениетін дамытуға үлес қосқандығы үшін облыс Әкімінің алғыс хатымен, 2007 жылы Санкт Петербург қаласында өткен «Сияние звезд», «Халықаралық Рождество» фестиваль – байқауында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына үлес қосқандығы үшін жоғарғы дәрежедегі педагогикалық кәсіби лауреаттардың дипломымен марапатталды.

Жетекшілері «Жайна»

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus