Электрондық салық комитеті

«Электрондық салық комитеті» оқу-инновациялық кешені

Создание учебно-инновационного комплекса «Электрондық салық комитеті» оқу-инновациялық кешенді құру университет (29 қаңтар 2008 ж. ҚР Қаржы министрлігіне жіберілген хат бойынша) және ҚР ҚМ Салық комитеті қолдауымен, Қарағанды облысы Салық департаментімен келісілген әріптестік туралы келісімшарт құру арқылы құрылды.

Жаңа жобаға Қазақстан Республикасының Біріктірілген Салықтық Ақпараттық Жүйесі - ҚР БСАЖ бағдарламасы енгізілуде. Ол ҚР салық комитеттерінің іс-әрекеттерін кешнді түрде автоматтандыруға арналған.

Университет мақсаты – қаржыгерлер, есепшілер, нақты бағдарламаның өнімдерін бойын сіңірген мамандарды дайындаудағы оқу процесінде жаңашыл идеяларды нақты түрде жүзеге асыру.


Электрондық салық комитеті

 

 

Электрондық салық комитеті

Біріктірілген Салықтық Ақпараттық Жүйе (БСАЖ)

ҚР БСАЖ – бұл ҚР салық органдарының, салық төлеушілердің, ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық ортасын қалыптастыратын үйлестірілген ақпараттық жүйе.

Берілген бағдарлама 3 деңгейлік құрылымға ие: «мемлекет – облыс – аудан». Онда барлық жүйенің түйіндері бір корпоративті тормен байланыстырылған. Жоғары деңгейдің екі түйіндері on – line байланыс режімінде жұмыс атқарады, ал үшінші (аудандық) деңгей – off – line режімінде.

Жүйенің басты міндеттері:

* Салық төлеушілерді тіркеу;

* Дербес шоттарды жүргізу;

* Ұйымдастырылған басқару;

* Қабылданған шешімдерді қолдау.

БСАЖ келесі құраушылардан тұрады:

* Тіркеу;

* Есеп;

* Арнайы салықтық режім;

* Іс қағаздар;

* САЭБ;

* Аналитика;

* ИСОПИ;


5

6

7

8

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus