Тұрақты дамудың заманауи экотехнологиялары: Қазақстан және ЕО елдері тәжірибесі

 
 

Жоба атауы: Jean Monnet Module «Modern eco-technologies of sustainable development: the experience of the EU and Kazakhstan» (Жан Моне Модуль “Тұрақты дамудың заманауи экотехнологиялары: Қазақстан және ЕО елдері тәжірибесі”)

Ұзақтығы:  01.10.2023 ж. - 30.09.2026 ж.

Жұмыс тобы:

  1. Байкенова Г.Г. – жоба координаторы, х.ғ.д., профессор, «Экология және бағалау» кафедрасы меңгерушісі
  2. Бенц. Т.В. – экология магистрі, «Экология және бағалау» кафедрасының аға оқытушысы
  3. Куанышбаев М.Т. – жаратылыстану ғылымдарының магистрі, «Экология және бағалау» кафедрасының аға оқытушысы

Модуль мақсаты: ЕО елдері мен Қазақстандағы қоғамның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік қажеттіліктеріне сәйкес тұтас және тұрақты дамуға бағытталған экологиялық технологиялар саласындағы еуропалық білім мен тәжірибесін зерделеу.

Курстың бағытталған тобы:

Қоршаған ортаны қорғауға мүдделі әртүрлі білім беру бағдарламаларының студенттері, тұрақты даму стратегияларын жүзеге асыруға қатысатын үкіметтік емес ұйымдардың, мемлекеттік органдардың және басқа да мүдделі тараптардың қызметкерлері.

Жоба аяқталғаннан кейін күтілетін нәтиже:

Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​университеті жергілікті және аймақтық деңгейде тұрақты дамуды, қоршаған ортаны қорғау және жасыл экономиканы ілгерілетуде маңызды рөл атқарады, себебі оның тұрақты даму қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жобаларды жүзеге асыру тәжірибесі жеткілікті. Атап айтқанда: «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту мүмкіндігін зерделеу; «Жасыл экономика жағдайындағы қазіргі қоғамның экологиялық мәдениеті», «Жасыл трансформация жолында тұрақты дамуды басқарудың еуропалық тәжірибесі», «Стандарттарға сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету»; «Қазақстан Республикасындағы қоршаған ортаны қорғаудың ұйымдық-экономикалық механизмі»; «Есептелетін жалпы тепе-теңдік жағдайында Қазақстандағы экологиялық реттеудің макроэкономикалық әсерлерін модельдеу» және т.б.

«Тұрақты дамудың заманауи экотехнологиялары: ЕО елдері және Қазақстан тәжірибесі» модулі әлемдегі ең жылдам дамып жатқан секторлардың бірі – экотехнологиялар саласындағы жаратылыстану, әлеуметтік және инженерлік ғылымдар білімдерін біріктіреді және өзара енгізеді. Сонымен қатар қоршаған орта, қоғам және планетамыздың табиғи ресурстары арасындағы қарым-қатынастың кең жүйелі көрінісін береді.

Еуропалық Одақтың экологиялық, әлеуметтік және экономикалық факторлар тәжірибесіне негізделген модулін зерделеу кезінде тыңдаушылардың алған дағдылары мен құзыреттері тұрақты даму қағидаттарын ілгерілетуге, Қазақстанда "жасыл экономиканы" және ресурс үнемдеу технологияларын (технологиялардың жаңа жетістіктерін) енгізуге ықпал ететін болады.

Модуль бағдарламасы ұзақ мерзімді перспективада экотехнология саласында білімі бар мамандардан тұратын еңбек нарығын қалыптастыруды көздейді, бұл болашақта қоршаған ортаның сапасын сақтау тұрғысынан басқаруда сауатты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

 

 

 
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus