• Раздел таблицы

Этнографиялық сән театры және Ұлттық киімдер этномұражайы

ҚҚЭУ-дің Этнографиялық сән театры және Ұлттық киімдер этномұражайының жетекшісі - шет және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушысы, Қазақстан іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі, «Қанатты әйел» Бірінші Ұлттық идеялар мен тауарлар жәрмеңкесінің жүлдегері, "Нағыз әйел" республикалық байқауының номинанты
Иманбаева Балдырған Дартайқызы
ҚҚЭУ-дің этномұражайы мен этнотеатрының қызмет етуі жалпыадамзаттық бөлігі ретіндегі ұлттық мәдениеттің негізінде студенттердің тұлғалық қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдайды құратын "Мәдени мұра" Мемлекеттік бағдарламасының жүзеге асырылуы іспетті.

Мақсаты: студенттерді қазақтың ұлттық киімдері арқылы ұлттық мәдениетке, халықтың салт-дәстүрлеріне баулу және тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Ұлттық киімдер тарихын зерделеу, ұлттық киімдер арқылы студент жастарға этномәдени тәрбие беру.
2. Стденттер, жастар және өскелең ұрпақ арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізу.
Ұраны: Алты жыл аш болсаңда, атаңның салтын ұмытпа.
Ұстанымы: Ұлттық киімдерді зерделеу, оны білу, ой елегінен өткізе отырып, жиған білімін барлық әлеммен бөлісу.

 

   

Эпохальные события:

Кезеңдік оқиғалар:
2005 - Наурыз-2005 мерекелік кешінде этнотеатрдың тұсаукесері, " XIX ғасырдағы қазақ қалыңдығының киімдері", «Киім арқылы көрінген қазақ әйелінің өмірлік жолы» атты бағдарламаларымен ҚҚЭУ-дің 40-жылдығына қарай өткізілген мерекелік шараға қатысуы;


2006 - «Хабар» бағдарламасында этнотеатр және этномұражай туралы бейнебаян түсірілді; Қарағанды қаласының 70-жылдығына қарай өткізілген мерекелік шараға қатысуы;

2007 - «ЭТНО-ЭРАТО» атты Ұлттық киімдердің VIII Халықаралық жоғары сән байқауына қатысуы (Ресей, Мәскеу). "Ең үздік шығыс киімі" номинациясында 3 орын; «Сән және дизайн: тарихи тәжірибе - жаңа технологиялар» атты Халықаралық конференциясында ҚҚЭУ этномұражайының қатысуы (Ресей, Санкт-Петербург); Ресей этнографиялық мұражайымен әріптестігінің басталуы (Санкт-Петербург қ.), яғни мұражай жұмысын ұйымдастыру, мұражай ісімен таныстыру және оқыту, тарихи ескерткіш іспетті қазақ ұлттық киімдерін ғылыми тұрғыдан зерттеу;


2008 – «Караван» республикалық газетінде ҚҚЭУ этнотеатры мен этномұражайының ұжымы туралы мақала; "Ұрпақтар сабақтастығы" жаңа бағдарламаларының қойылымы, университеттің ұжымдық мерекелік кештерінде "Жаңа жыл", «Наурыз-2008» «Тарих керуені» атты бағдарламамен қатысу.

Қойылым алдында

Этнотеатр және Этномұражай ұлттық мәдениеттен сусындаған болашақ мамандарды даярлауда жоо-ның жаңашылдық қызметінің базасы ретінде қалыптасты. ҚҚЭУ мұражайы, тек қазақ ұлттық киімдерін қалыпқа келтіру, сақтау және қазақ ұлттық киімдерін зерделеу орны ғана емес, ол мәдени, білім беру, ақпараттық және демалыс орталығына айналды. Этномұражайда университет пен колледждің қонақтарына, студенттеріне 100-ден аса экскурсия өткізілді. 2007-2008 оқу жылында қазақ тілі мен орыс тілі пәндерінің типтік оқу бағдарламасы бойынша қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедраларының оқытушылары (Келмағамбетова Ш.С., Билял Б.К., Баербекова А.Е.) мен шет және орыс тілдері кафедраларының оқытушылары (Иманбаева Б.Д., Бейсембек А.С.) "Елтаным" тақырыбын осы этномұражайда өткізді.

ҚҚЭУ студенттері мен оқытушылары этномұражайда


Қарағанды экономикалық университетінің ұлттық киімдер этномұражайын құруда біз Еуропалық мұражай форумының директоры К.Хадсонның көзқарасын ұстандық. Оның пікірінше, мұражайдың ең басты мақсаты келушілердің ойынан шығу: «Жақсы мұражай - ол - кірген кезден гөрі, шыққан кездегі өзіңді жақсы сезініп шыққан мұражай».
Педагогикалық қызметтерге бағытталғандықтан болар, мұражайды жиі мектеппен салыстырады. Бірақ, мектеп қарапайым мектеп емес. Мұражайға келуші білім ғана алып қоймай, оның тұлға болып қалыптасуына себепкер болады. Бұл мектепті аяқтау мүмкін емес, өйткені адам мұражай залдарын аралай отырып, өзі үшін белгісіз нәрсені көріп, бұл белгісізді адамзаттың данасы құрғанын түсініп жаңа дүние есігін ашады.

Этномұражай экспонаттары

ҚҚЭУ этномұражайы қарамағында «Өткеннің нысандары» үйірмесі жұмыс істейді, маңызды аспектілері келесілер болып табылады:
Тіл дамыту.
1. Эстетикалық бағыт (көркемдікті сезіну және шығармашылық бастауларын дамыту).
2. Тарихи-көркемдік бағыт (өнер тарихын зерделеу).
3. Әлеуметтік-нұсқаулық бағыт (Өнер - әлеуметтік бейімделу құралы)
«Өткеннің нысандары» үйірмесінің мақсаттары:
• ұлттық қолданбалы өнерге деген терең де, тұрақты қызығушылықты дамыту;
• ұлттық қолданбалы өнер шығармаларының мәдени-тарихи контекстік қалыптасуы мен болмысын анықтау дағдыларына үйрету;
• студенттің жеке адам болып қалыптасуының, олардың тұлғалық ерекшеліктерін оптималды дамытуға септігін тигізу, шынайы өмірге шығармашылық қарым-қатынасын қалыптастыру.
• «Өткеннің нысандары» үйірмесіне қатысу студенттерге келесі дағдылар мен машықтарды игеруге мүмкіндік береді:
• бағдарлық ой-санасындамыту;
• өзіндік ой пікірін түйіндеу;
• халықтың материалдық және рухани құндылықтарының эстетикалық, көркемдік жетістіктерін түйсіну;
• қоршаған ортаға деген белсенді шығармашылық қарым-қатынас.
Үйірме мүшелері тәрбие жұмысының белсенді субъектілері болып табылады: олар үйірме отырыстарында зерделенген мұражай экспонаттарын көрсетуде экскурсия жұмыстарын жүргізеді.

 

Экскурсия жүргізушінің Оңтүстік Қазақстан әйелдерінің сұламасы туралы әңгімесі Экскурсия жүргізуші мұражайға келушілерге сәукелеге тігілетін шашақпен таныстыруда

Құжаттамалық қамтамасыз ету және бақылау қызметі бөлімі туралы ақпарат

 

Құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау қызметі бөлімі университет ректорының 06.09.2007-дегі №295-ок бұйрығы негізінде Персоналды басқару департаментінің құрылымдық бөлімшесі ретінде құрылған.
Құжаттамамен қамтамасыз ету және бақылау қызметі бөлімінің жетекшісі Персоналды басқару департаментінің директорына тікелей бағынады. Бөлім құрамына канцелярия, машиналық жазба бюросы, мұрағат кіреді.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
1. университетте құжаттармен жұмыс істеудің түрлері мен әдістерін жетілдіру;
2. бірыңғай тәртіптегі құжаттаманы қамтамасыз ету, құжаттамамен жұмыс істеуді ұйымдастыру, ақпараттық-іздестіру жүйелерін құру және оны жүргізу, құжаттардың орындалуын бақылау және оларды университеттің ведомстволық мұрағатына жіберу үшін даярлау; университеттегі құжат айналымының көлемін азайту; құжаттармен жұмыс кезінде жаңа технологиялық үрдістерді әзірлеу мен оларды енгізу және құжат құрамы мен ақпараттық көрсеткіштердің бір ретке келтірілуін есепке ала отырып, ұйымдық және есептегіш техникаларды пайдалану негізінде құжаттық ақпараттармен жұмыс істеу.
Бөлім келесі қызметтерді жүзеге асырады:
• құжаттармен басқы өңдеу жұмыстарын, алдын-ала қарастыру, тіркеу, есепке алу, сақтау, құжаттардың жіберілуі және жеткізілуі және оларды қабылдау, факс арқылы құжаттардың жіберілуі тәрізді жұмыстарын жүргізеді;
• университет басшылығымен кіріс құжаттарының уақтылы қарастырылуын ұйымдастырады, университет басшылығымен қол қоятын құжаттардың рәсімделуіне бақылау жасайды;
• құжаттардың уақтылы орындалуына қадағалау жүргізеді, университет басшылығына құжаттардың орындалу нәтижелері туралы уақтылы ақпарат беріп отырады;
• бақылаушы-анықтамалық картотека құрады және оны жүргізеді; құжаттарды теріп басу, көшірме жасау және оларды көбейту сияқты жұмыстарын ұйымдастырады; іс қағаздарын жүргізу бойынша нұсқаулықтарды және құжаттама жасау мен құжаттаманы басқару бойынша басқа да нормативтік-әдістемелік құжаттарды әзірлейді;
• университеттің істер номенклатурасын құрады, істердің жедел сақталуын және белгіленген тәртіпте жеке мұрағатқа жөнелткенге дейін олардың пайдалануын қамтамасыз етеді; құжаттармен жұмыс істеудің түрлері мен әдістерін жетілдіру және құжаттардың орындалу тәртібін арттыру бойынша шараларды ұйымдастырады; құрылымдық бөлімшелердегі істердің дұрыс құрылуы мен рәсімделуіне бақылау жүргізеді, сақталатын және жойылатын құжаттарды таңдау мақсатында құжаттардың құндылығына сараптама жүргізеді;
• бөлім қызметкерлерінің іскерлік біліктілігін арттыру жұмыстарын ұйымдастырады, құжаттама жүргізу мен құжаттаманы басқару мәселелері бойынша жиналыс-семинарлары мен кеңестер өткізеді;
• электронды құжат айналымы жүйелеріндегі жұмысты ұйымдастырады.
Шығармашылық қызметінің болашағы – басқарудың барлық салаларын құжаттамамен қамтамасыз етуде университетте бірыңғай ақпараттық кеңістік құрылуына мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың кешенді енгізілуі негізінде іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыру жүйесіне енгізу және оның мемлекеттік тілге көшірілуі.
Университетте басқаруды құжаттамалық қамтамасыз етудің автоматтандыру жобасын жүзеге асыру үшін Электронды құжат айналымының Тұжырымдамасы мен электронды құжат айналымын ұйымдастыру Ережесі әзірленді.

Бөлім жетекшісі – п.ғ.д., доцент Мүлікова Салтанат Алтайқызы
Аға инспектор – Луконина Александра Александровна
Іс қағаздарын жүргізуші - Каницкая Тамара Иосифовна
Мұрағат меңгерушісі – Бикенова Сәния Исабекқызы
Тел. факс 441632

 

 

Кафедра «Экономикалық ақпаратты машиналық өңдеу»

МАМАНДЫҚТАРДЫҢ МИПАТТАМАСЫ

БІЗДІҢ ТҮЛЕКЕУР

БАЙЛАНЫСТАР ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ



КАФЕДРА ЖАЙЫНДА ЖАЛПЫ МАҒЛҰМАТ

«Экономикалық ақпаратты машиналық өңдеу» кафедрасы Қарағанды кооперативтік институты құрамында есеп-экономика факультеті негізінде 1982 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. 1986 жылдың ақпан айында ЭАМӨ кафедрасы атын «Ақпараттық-есептеу жүйелері» деп ауыстырды. Қазіргі кезде кафедраны э.ғ.к., профессор Омарова Ш.Е. меңгереді.
Кафедра міндеті ақпараттық жүйелер мен технологиялар өрісінде жоғары квалификацияланған мамандарды дайындау.
Кафедра даму стратегиясы студенттер мен оқытушылар білім беру, зерттеу, тәжірибелік қызметін бір ортақ процеске қосудан жаңа білім беруге және түлектер арасында бәсекелестікті дамытуға бағытталған. Оған студенттерді қабылдау сапасының өсуі мен оқытуды жақсарту арқылы жетуге болады.
Кафедраның еңбек келісімшарттары түзілген жалпы мұғалімдер саны 28 адамды құрайды. Толық ставкаға жұмыс істейтін ПОҰ саны – 19 адам, 0,25 және 0,5 ставкаға – 9 адам. Орташа жас – 36 жас. Ғылым кандидаттары мен докторлары – 11 адам, олардың ортақ саннан пайыздық үлесі – 47,8%. Ғылым докторлары – 4 адам, пайыздық үлесі – 17,4%. Ғылым кандидаттары – 7 адам, пайыздық үлесі – 30,4%. Сабақты мемлекеттік тілде жүргізетін оқытушылар саны – 9. Барлық оқытушылар базалық білімге ие.
Кафедра екі мамандық бойынша дайындық жүргізеді:
1) 5В070300 – Ақпараттық жүйелер
2) 5В070400 – Есептеу техникасы мен бағдарламалық қамтамасыздандыру
Кафедра қазіргі таңда жаңа білім беру ресурстарын иеленуде. Аудиторлық қор, компьютерлік сыныптар мен оқу-әдістемелік құралдар оқу процесінің қажеттіліктеріне сәйкес келеді және білім беру бағдарламалары бойынша дайындау мақсатына жауап береді.
Компьютерлік сыныптар жаңа компьютерлермен қамтамасыз етілген және оқу процесі мен студенттердің және оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметтеріне толықтай сәйкес келеді және санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен талаптарға жауап береді.
Сабақтарды өткізу кезінде кафедрада тестілеу бағдарламалары, оқыту жүйелері, автоматтандырылған есептер жинақтары, «1С бухгалтерия», «Алтын», «Лука» секілді мәселеге-бағдарланған пакеттер мен электрондық оқулықтар қолданылады.
Кафедра құрамына 5 (252 м2, барлығы 68 компьютер) компьютерлік сыныптарды қосатын бағдарламалар пакеттерін дайындайтын лаборотория кіреді. Кафедра бойынша компьютерлер жалпы саны - 68.
АЕЖ кафедрасы жас мамандарды кәсіби дайындаумен ғана емес, соған қоса жоғары моральдік қағидаларын бойына сіңірумен де айналысады. Барлық оқытушылар дерлік студенттік топтар кураторлары.
Кафедра ШЫҰ университетімен IT мамандарын дайындау бойынша білім беру бағдарламасына қатысады. 2010 жылы 19 түлек ШЫҰУ бағдарламасы бойынша магистратураға түсіп, Ресей Федерациясының, атап айтқанда Астрахан мемлекеттік университеті, Санкт-Петербург ұлттық ақпараттық технологиялар, механика мен оптика зерттеу университетінде білім алады.
Кафедрада жыл сайын информатика мен ақпараттық технологияларға арналған студенттер арасында «Брейн-рингтер», «Өз ойыны», сонымен қатар тәрбиелік сипаттағы «Күзгі бал», «Соңғы қоңырау» атты іс-шараларын ұйымастыру дәстүрге айналды.
АЕЖ кафедрасы жүйелі түрде түлектердің жұмыспен қамтылуын мониторингілеп отырады. Кафедрада мамандық түлектерінің электрондық базасы бар, ол әр кез жаңарып отырады, аналитикалық жазбаларда кафедра жұмысының жылдық жоспарына түлектердің жұмыспен қамтылуы бойынша жоспар орындалуына талдау жасалынады. Университетте жыл сайын жетекші фирмалар, кәсіпорындар мен аудандық ұйымдар басшыларының шақыруымен жұмыспен қамтылу жәрмеңкелері өтеді.
2013 жылы түлектерді жұмыспен қамту пайызы 87% құрап отыр.


Мекен жайы: Қарағанды Академическая көш, 9

 

Телефон автоқоңырақ шалуда: 44-16-24

44-16-34

44-15-68

 

 

Zoom

Zoom

Zoom

Zoom

Zoom

Zoom

Біздің түлектер

АКАДЕМИЯЛЫҚ ДАМУ ДЕПАРТАМЕНТІ

Академиялық даму департаменті оқу үрдісін жоспарлауды, ұйымдастыруды, мониторинг жасауды және сапасын бақылауды қамтамасыз ететін Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің өзіндік бөлімшесі.
ЖОО-ның оқу үдерісін сәйкес деңгейде ұйымдастыруды қамтамасыз ету, университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу және ұйымдастырушылық-әдістемелік жұмысын үйлестіру, сонымен қатар оқу-әдістемелік, нормативтік-ақпараттық және ұйымдастырушылық-консультативтік қызметін және университеттегі оқу үрдісі мен білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету Академиялық даму департаментінің негізгі міндеттері болып табылады.

Оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторинг және бақылау департаментінің басқарушысы экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Даниярова Маржан Тасболатқызы.
Байланыс телефондары: Қарағанды қ., Академиялық көш., 9, 302-кеңсе.
Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағ. 9.00-ден 17.00-ге дейін. Түскі үзіліс: сағ. 13.00-ден 14.00-ге дейін. Сенбі күні сағ. 9.00-ден сағ.14.00-ге дейін.
Телефондары: 8 (7212) 441624 қосымша 108, 8 (7212) 441600

Электронды адресі: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сонымен қатар, сізге департамент директорының орынбасары көмектесе алады:  
Глазунова Светлана Борисовна – күндізгі оқыту түрі бойынша (№264-кеңсе, тел.44-16-24 ішкі 310, электронды пошта: glazunova_sb@ mail.ru)

Департамент құрамына 3 қызмет бөлімі кіреді:  
1) Тіркеу бөлімі, басқарушысы Лопата Анна Николаевна, №302-каб., тел. 441624 ішкі 137.
Тіркеу бөлімі – Таңдау бойынша берілетін пәндерді тіркеуден бастап, тізімдемелерді өңдеу мен сақтауға дейін студенттердің оқудағы жетістіктері туралы барлық тарихын тіркейтін, студенттерге қолдау көрсететін бөлім. Студенттердің білімін бақылаудағы барлық түрлердің ұйымдастырылуын және оның академиялық рейтингісін бөлуді қамтамасыз етеді.
ТТіркеу бөлімінің негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
-Элективті пәндерге тіркеу үрдісін басқару;
-Студенттердің білімін бақылауды ұйымдастыру;
-Оқып білім алушының академиялық рейтингісін бөлу;
-Студенттердің сабақ үлгерімі туралы жазбаларды қалыптастыру және сақтау;
-Студенттерді сабақ үлгерімі туралы есеп дайындау;
-Сабақ үлгерімі төмен не үлгермейтін студенттердің тізімін құрау;
-Жазғы семестрді ұйымдастыру;
-оқу жүйесінде оқу топтарынның ағымын қалыптастыру.

2) Сиргебаева Жанара Актайқызы - оқу үрдісін жоспарлау қызметінің жетекшісі, офис 300, байланыс телефоны 8 (7212) 441634 қос. 172
- кафедралардың оқу жүктемелерінің құрылымы мамандықтардың оқу жұмыс жоспарларымен сәйкестігін бақылау;
- штаттық кестені бекіту үшін құжаттарды дайындау;
- оқу сабақтары, емтихандар кестесінің құру, сабақ жүргізу мониторингі;
- кафедрадағы оқытушыларға жүктелген сағаттардың жоспарлануы және олардың нақты орындалу барысын бақылау;
- мемлекеттік аттестаттау комиссиясы жұмысын ұйымдастыру мен қалыптастыру;
-оқу жүйесін әдістемемен жетілдіру және ұйымдастыру (мамандықтардың ҚР ЖББМС, типтік бағдарламамен қамтамасыз етілуі);
- дәрісханалық қордың бөлінуін және жүйелі түрде қолданылуын бақылау;
- ҚР БҒМ-мен және басқа да ұйымдармен оқу жүйесінің барысы жайында хат алмасу;
- ұйымдастыру барысы, диплом беруді тіркеу.

3) Тұралықова Кенжегүл Дастанқызы - студенттердің құжаттарын басқару қызметінің жетекшісі, офис 61-62, байланыс телефоны 8 (7212) 441624 қос. 6560
- Қазтұтынуорталығының статистикалық бөлімі (Ф.З-НК), ҚР БҒМ статистикасына есеп беруді ұсыну және дайындығын қамтамасыз ету;
- күндізгі және сырттан оқитын студенттердің контингентінің алға жылжуын және есепке алынғаны туралы есептерді жүйелі бақылауға алу және студенттердің контингенті туралы мәлімет беру;
- қабылдау, ЖОО-да оқып жатқан мерзім ішінде студенттердің жеке құжаттарын қайта қарау және рәсімдеу;
- сұраныс жасаған ұйымдар үшін жауап дайындау (ҚР БҒМ, ҰҚК, қаржы полициясы және т.б. ұйымдарға);
- оқуға қабылданғаны, оқудан шығарылғаны, қайта қабылданғаны, басқа ЖОО ауысуы, басқа ЖОО-нан ауысып келгендігі туралы өтініштер мен ұсыныстарды қайта қарау, академиялық демалысқа кеткендігін рәсімдеу және т.б.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің академиялық даму департаменті

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің академиялық даму департаменті

 Данияров Маржан Тасболатова

Э. ғ. к.

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді академиялық дамыту департаментінің директоры

Департамент бакалавриатта, магистратурада, докторантурада оқу процесінің сапасын жоспарлауды, ұйымдастыруды, мониторингілеуді және бақылауды қамтамасыз етеді.
Университеттің профессор-оқытушылар құрамының оқу және ұйымдастыру-әдістемелік жұмысын үйлестіреді, оқу-әдістемелік, нормативтік-ақпараттық және ұйымдастырушылық-консультациялық процестің сапасын қамтамасыз етеді.

Департамент құрамына:

– академиялық бағдарламаларды жобалау және сүйемелдеу қызметі-Укубаева а. ш.

– оқу процесін жоспарлау қызметі-Несіпбаева г. Е.

Департаментке оқу кестесін құру мәселелері бойынша, әдістемелік көмек алу үшін жүгінуге болады.

Байланыс: Академическая көшесі, 9, № 300 кабинет,

Тел.: +7 7212 44-16-00,

электрондық пошта мекенжайы: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Оқу теледидар орталығы

Жеті жылдық өзіндік тарихы бар бөлімше директор, қоюшы-оператор, фотограф, инженер-бейнемонтажер мен инженерлер енген тату да, шығармашылық, ұжымынан құралған.

Оқу теледидар орталығының жұмысы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің стратегиялық даму жоспары, Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы мен Оқу теледидар орталығының оқу жылдарына арналған медиа-жоспары негізінде құрылады.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіндегі Оқу теледидар орталығының жұмыс мақсаты - білім беру үрдісі үшін сапалы телевизиялық (теледидар) қызметті ұсыну.

Біздің жұмысымыздың нәтижесі ретінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің медиаконтентін атауға болады. Оқу теледидар орталығы өзін өндірістік база ретінде айқындап, мұнда медиа ақпаратты жазуға, пайдалануға және оны университетіміздің білім беру порталында, ақпараттық білім беру орталығындағы электронды каталогында сақтауға мүмкіндік береді.

Оқу орталығының ең басты бағыты Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің электронды университетінің оқу медиа-контентін қалыптастыру болып табылады.

 Алты жыл қажырлы еңбек етудің нәтижесінде көптеген жетістіктерге жеттік. 2008-2014 жылдар аралығында 1000 бірлік бейнедәріс пен 20-ға тарта медиакурс әзірленді.

Ағымдағы оқу жылына құрылған медиа-жоспар бойынша университет кафедраларының оқытушыларымен 224 бейнедәріс пен 15 медиакурс түсіріліп әзірленген.
Биылғы оқу жылында жинақталған медиакурстар саны өткен оқу жылымен салыстырғанда үш есеге ұлғайған.

 

Жуық арада оқу теледидар орталығымен өңделетін медиақпараттың ауқымдылығына байланысты біріздендірілген сақтау мен медиа өнімді жылдам табу үшін құралдар қажеттілігі мәселесі туындады.Бұл мәселені шешу үшін дискілік сақтау негізінде құрылған таспалық сақтау қоймасы бар, арнайы бағдарламалық қамтамасыз етілген купеге арнайы мамандандырылған сақтау жүйелері ұсынылды. Бұл жүйе мына мәселелерді шешеді:
a) Қазіргі уақытта оқу теледидар орталығының әр түрлі ақпарат тасымалдағыш құралдарында (ОТО компьютерлері мен сыртқы қатты дискілерде) сақталған ауқымды мәліметтердің ішінен қажетті материалды іздестіруде уақыт үнемдейді;
b) Университеттің студенттері, оқытушылары мен қызметкерлерінің қажет жағдайда ҚЭУ-дің жергілікті желісіне қосылған кез-келген компьютерден өзіне қажетті медиа-контент немесе дәрістерді көшіріп алуына мүмкіндік туғызады;
c) Қажетті материалды тез табуға мүмкіндік беретін ұйымдастырылған, қатаң ретке келтірілген өніммен қамтамасыз етеді;
d) Медиа өнімнің кездейсоқ немесе авариялық жойылуынан және түрлі вирустерден қорғауды қамтамасыз етеді;

Телевизиялық өндіріс - ол ұжымдық жұмыс. Өнімнің сапасы мен өну жылдамдығы әр кезеңмен тығыз байланысты (түсірілім, монтаж, сараптама, порталда орналастыру). Жалпы алғанда, бір бейнедәрісті жасауға кеткен жұмыс уақыты, түсірілім кезеңі, монтаж және оқытушының бейнедәрісті тексеріп, қажетті түзетулер енгізуі мен дайын нұсқасын қарап шығуы орташа есеппен алғанда 10-12сағ. құрайды. Осы жұмыстар нәтижесінде бейнедәріс DVD, *.flv, *.mp3 форматтарына түсіріледі, дискіге жазылады және ол ҚЭУ интернет-порталында орналастырылады.

Ағымдағы оқу жылында университет оқытушылары үшін бейнедәрістерді өткізу әдістемесі бойынша дәстүрлі оқыту семинарлары өткізілді. Семинар-треннинг барысында бейнедәріс құрамы мен құрылымы, бейнедәрісті өткізудің техникалық ерекшеліктерінен басқа актерлік шеберлік, дауыс қойылымы, сөйлеу техникасы бойынша арнайы педагог-маманның қатысуымен треннингтер өткізілді.
Оқу теледидар орталығы концерттер, конференциялар, яғни университет пен колледжде өтетін барлық шараларды дайындау мен өткізуде белсенділік танытады – яғни, роликтер мен бейнекөріністер дайындалып, сұхбаттар мен бейнекомментарийлер түсіріледі.

Атап айтқанда, біздің университетке келген қонақтармен сұхбаттар өткізіледі, аталған сұхбаттар негізінде бейнероликтер дайындалады. Университеттің ардагерлері (З.А. Туғанбаеваның фильмі), біздің студенттер жайлы, «Мансап» күніне дайындық, халықаралық конференциялар, діни қайраткерлермен, әр жылдың түлектерімен кездесулер жайлы фильмдер түсіріледі. Сонымен қатар, «Рубин» мейрамханасында өткізілген сабақтар, кеден департаменті, банк және қаржы құрылымдарының өкілдерімен өткізілген шеберлік сыныптары. Университет қонақтарымен кездесулері, концерттер мен конференциялардың, өткізілген барлық шаралардың бейненұсқаларын университеттің желісіне орналастырамыз және олар университеттің ішкі ТВ мониторларында ағымдағы оқу жылы бойы уақтылы көрсетіліп тұрады.

Ағымдағы оқу жылы университет пен мамандықтар туралы жаңа промороликтер мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жаңғыртылды. Біз университет мамандықтары туралы промороликтерді дайындауға септігін тигізген кафедра меңгерушілеріне, оқытушылар мен студенттерге алғысымызды білдіреміз.

Өкілдіктер

Line Костанай қ.

Директор __________ Бисимбаева Диана Валерьевна
Мекенжай 110000, г. Костанай
ул. Аль-Фараби, 99
Телефон (8714-2) 39-43-17; 56-82-61

Эл.адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Павлодар қ.

Директор __________ Сагайдак Евгений Александрович
Мекенжай 140011, г. Павлодар
Ермұхан Бекмаханұлы (Кирова), 115/2
Телефон 8(718-2) 62-20-17, 54-40-60

Эл.адрес: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Нур-Султан қ.

Директор __________ Ашляев Серик Сопыжанович
Мекенжай г.Астана
ул. Кенесары, 60
Телефон (8717-2) 52-41-24.
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus