• Blog news

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

Кәсіптік бағдар беру жұмысы2018 жылдың 3 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика және басқару факультеті «Harry Potter» quest ойын форматында 10, 11 сыныптың жалпы білім беретін оқу орындары мен колледж оқушыларына арналған ашық есік күні өткізді.

Есеп-қаржы факультетінің Ашық есіктер күні

Есеп-қаржы факультетінің Ашық есіктер күні2018 жылдың 28 ақпан күні Есеп-қаржы факультетінің оқытушылары мен волонтерлері «Ашық есіктер күнін» квест-ойын түрінде өткізді. Квест-ойында Қарағанды облысы мен қаласының орта оқу орындары мен колледждерінің 211 оқушылары қатысты. Оқушылардың алдында ЕҚФ деканы, э.ғ.к., доцент Серикова Г.С., ЖДД бас маманы Ивадилинова Л.Х., Студенттік кеңестің төрағасы Мухаметжанова Ж., «БЦК» АҚ ҚФ директорының орынбасары Дюсенов Р.К. сөз сөйледі, ұйымдастырушылар Студенттер мәдениет сарайында кішігірім концерттік бағдарлама дайындады.
Квест-ойын барлық университет бойынша орналасқан 10 стансадан тұратын маршрут түрінде ұйымдастырылды, әрбір стансада қатысушыларға тапсырмаларды орындау керек болды, әр тапсырмаға сәйкес балдар берілді. Қатысушылар жылдамдылық, ептілік және дәлдікке жарысты. Ойынның қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей болды:
1 орын – ЖББОМ №76, ЖББОМ №58;
2 орын – КТТК, КВПК, СОШ №6;
3 орын – СОШ №5, СОШ №83, гимназия №5.
Барлық қатысушыларға белсенді қатысқаны үшін мадақтама қағаздары берілді, ал жеңімпазға және жүлдегерлерге – алған орындары үшін дипломдар және сыйлықтар табысталды.

«Дари добро» қайырымдылық акциясы

«Дари добро» қайырымдылық акциясыЖақында, Есеп-қаржы факултетінің Студенттік кеңес ұйымдастырған "дари добро" атты қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкенің басты мақсаты - балалар үйіне көмектесу үшін ақша қаражаттарын жинау. Жәрмеңкеде Студенттік кеңестің мүшелерімен дайындалған дәмді тағамдары сатылды. Жиналған ақшаға, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық балалар үйіне сыйлықтар сатып алу үшін пайдаланылды. Кеште ойын-сауық бағдарламасы өтті және балаларға сыйлықтар табыс етілді .Балалар бізді сүйіспеншілікпен қабылдады. Кеш барысында әңгімелестік, ойнап, күліп, ән айтып, би биледік. Осы қайырымдылық жәрмеңкесіне қатысқандардың барлығына үлкен алғысымызды білдіргіміз келеді. Жақсылық жасаңыз, ол сізге оралады ...!

Беделді адам

Беделді адам2018 жылдың 3 наурыз күні Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің кітапханасында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жоба жеңімпазы, Қарағанды облысының өкілі, Сергей Анмен кездесу өтті. Кездесу Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы бойынша әсіресе жастар, біздің жерлестеріміздің арасында, өзінің ақылымен, қолымен және талантымен тәуелсіздік жылдар бойы және қазіргі заманғы Қазақстан республикасының дамуына үлес қосқан көпшілікке тарату мақсатымен түсіндіру жұмыстардың аясында жүргізілді.
Сергей Валентинович Ан - қалалық мәслихаттың үш шақырылымының депутаты, NOMAD MMA жеке стилінің негізін қалаушы, жаттықтырушы. Оның барлық өмірі өсіп келе жатқан ұрпақты спорт арқылы тәрбиелеуге арналды . Ұлттық жобасының қатысушы жастарға патриотизм, тәуелсіз Қазақстанның дамуына қосқан үлесі туралы әнгімеледі.

«Мың тағдыр – бір халық»

«Мың тағдыр – бір халық»Ағымдағы жылдың 28 ақпан Алғыс айту күні аясында Әлеуметтік жұмыстар және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасында «Мың тағдыр – бір халық» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысы әкімінің аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Д.Б. Малаев, «Полония» Қарағанды облыстық поляк қоғамының төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі В.А. Хмелевский, әлеуметтік жобаларды үйлестіруші, «Видергебург» неміс мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Л.А. Голуцкая белсене қатысты.
Сондай-ақ жылы шырайлы жағдайда өткен дөңгелек үстел барысында Қарағанды экономикалық университетінің студенттері Сахатаева Назым, Цой Татьяна, Ержан Мақпал, Токарева Вероникалар да баяндама жасап, өздерінің өлеңдерін оқыды.
Алғыс айту күнінің басты мәні – тарихи жадыны сақтау, ұрпақ сабақтастығы мен іргесі берік негіздегі ел бірлігін нығайту болып саналады.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL