ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТАҚЫРЫБЫ – ДІН МӘСЕЛЕСІ

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТАҚЫРЫБЫ – ДІН МӘСЕЛЕСІАғымдағы жылдың 23 ақпанында Қарағанды экономикалық университетінің Әлеуметтік жұмыстар және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Дін қатынастары саласындағы радикалды және экстремистік көріністерге жастар арасында нөлдік төзімділікке қол жеткізу жөніндегі профилактикалық жұмыстардың теориясы мен әдістемесі» тақырыбында, жоғары оқу орындары арасында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына Қарағанды облысының барлық жоғары оқу орындарының өкілдері, өңірдің жетекші дінтанушылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, Қарағанды экономикалық университетінің студенттері мен оқытушылары, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдің қатысушылары «Болашақ» академиясының профессоры, белгілі дінтанушы Я.Ф.Трофимовтың, Қарағанды облысының әкімі аппаратының қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру және Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылымдарымен жұмыс бөлімінің басшысы А.Ж.Тасмагамбетованың, «Виктория» деструктивті діни ағымдардан зардап шегушілерге көмек оңалту орталығының маманы, дінтанушы Қ.Д.Жаңабаевтың және т.б. баяндамаларын аса ықыласпен тыңдап, зор ілтипат білдірді.
Тақырыптың мән-маңызын ескере отырып, оған қатысушылар өзара екі жақты пайдалы, кең тынысты пікірталас өрбітті. Оның қорытындысы бойынша Дөңгелек үстелдің резолюциясы қабылданды.

 

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТАҚЫРЫБЫ – ДІН МӘСЕЛЕСІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТАҚЫРЫБЫ – ДІН МӘСЕЛЕСІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ТАҚЫРЫБЫ – ДІН МӘСЕЛЕСІ

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus