• Blog news

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

2019 жылдың 25 наурызы мен 29 наурызы аралығында Қостанай қаласында «Құқықтану» мамандығы бойынша бизнес және құқық факультетінің студенттері қатысты.

1. Ныкаш Дидар Аманжолулы - ҚР чемпионы (1 орын) иегері
2. Бейсенбаев Сержан Ержанұлы - қола жүлдегері (3 орын) иегері

Сіздерге жаңа спорттық жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Студенты КЭУК заняли III место в XI Республиканской студенческой предметной олимпиаде по специальностям «Менеджмент» и «Государственное и местное управление» в г.Алматы (2)

Студенты КЭУК заняли III место в XI Республиканской студенческой предметной олимпиаде по специальностям «Менеджмент» и «Государственное и местное управление» в г.Алматы (2)Алматы қ. өткен XI Республикалық студенттердің пәндік олимпиадасында ҚҚЭУ «Менеджмент» және «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының студенттері ІІІ орынға ие болды
2019 жылдың 29 наурызында Алматы қ. Әл-Фараби ат. ҚазНУ-де өткізілген Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша «Менеджмент және инновация», «Экономикалық теория және МЖБ» кафедрасының студенттері жоғарыда аталған өз мамандықтары бойынша мемлекеттік тілді университеттердің арасында жалпы командалық есепте 3 орынға ие болды.
Олимпиаданың қорытындысы бойынша студенттер ҚР Білім және ғылым министрлігінің дипломдары мен қатысушы сертификаттармен марапатталынды.
«Менеджмент» мамандығы бойынша қатысқандар: Мусабекова Дилара (Мн-14с тобы), Қайратқызы Диана (ПИМ – 18-2 тобы), Юркив Екатерина (Мн-22 тобы) ғылыми жетекшісі PhD А.Т. Омарова «Менеджмент және инновация» кафедрасы.
«Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша қатысқандар: Жолдыбай Алтынай Ерболқызы, Аскарова Аяужан Мұратқызы, Жанбулатова Гүлім Ғабитовна «ГМУ-31к» тобының студенттері, ғылыми жетекшісі «Экономикалық теория және МЖБ» кафедрасының магистр, оқытушысы Х. Ертай.

Заңгер мамандығы студенттері арасында «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» пәнінен өткен аймақтық олимпиада қатысушыларын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Заңгер мамандығы студенттері арасында «Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» пәнінен өткен аймақтық олимпиада қатысушыларын ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Олимпиада мақсаты: заң мамандығы студенттерінің сауаттылығы мен құқықтық мәдениетін көтеру, кәсіби біліктілігін дамыту болып табылады.
Бұл Олимпиада Қарағанды обылыстық Әділет Департаментінің қатысуымен жүзеге асты.
Олимпиадаға Қарағанды және Астана қалаларының ЖЖО 15 командасы қатысты:
Команда «Veritas» - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Команда «Фемида» - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Команда «In bravis» - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Команда «Команда Ю»- Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті
Команда «GENIUS» - А.Е. Букетов атындағы ҚарМУ
Команда «Априори» - А.Е. Букетов атындағы ҚарМУ
Команда «Әділет » - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Команда «Әділет Лигасы» - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Команда «Seven Charter» - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Команда «Арлан» - Б.Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды Академиясы
Команда «lus Privatum» - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Команда «Animus» - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Команда «ЦИВИЛИСТЫ» - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Команда «EQUALITY» - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
Команда «Justitia» - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Мемлекеттік тілде «Фемида» командасы 1-ші орын жеңіске ие болды:
1. Алькенова Жаннур
2. Шубаев Әділ
3. Бегаз Бекарыс (жетекшілері: ЭЭҚР кафедрасының аға оқытушылары Ахтышкан Е.А., Амантай А.)

Орыс тілінде 1-ші орынға иі болған команда «In Bravis»:
1.Джанаева Сабина
2.Алпысбаева Диана
3.Гарифулина Асия (жетекшісі: ЭЭҚР кафедрасының аға оқытушысы Боранбаева А.Е.)

2-ші орынға мемлекеттік тілде келесі командалар ие болды:
команда «VERITAS» - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті және команда «АПРИОРИ» - Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ

2-ші орынға орыс тілінде сайысқа түскен командалар:
«КОМАНДА Ю» - Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті,
«Ius Privatum» - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Мемлекеттік тілде 3-ші орынға ие болған командалар:
«Әділет» Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ
«Genius» - Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ

Орыс тілінде 3-ші орынға иә болған командалар:
«Арлан» - Б.Бейсенов атындағы ҚА ҚР ІІМ
«ANIMUS » - Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ

Ұйымдастырушылық комитеті олимпиада қатысушыларынқұттықтайды және оларға шығармашылық табыс пен жеңіс тілейд

 

«Мәңгілік ел - жастардың азаматтық және патриотизмі дамуының негізі, тарихи және мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу»

«Мәңгілік ел - жастардың азаматтық және патриотизмі дамуының негізі, тарихи және мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу»

«Әлеуметтік жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы «Мәңгілік ел– жастардың азаматтық және патриотизмі дамуының негізі, тарихи және мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеу» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның модераторы ретінде қатысты.
«Мәңгілік ел» - «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы бағытының азаматтық дамуының негізі, ұлы адамдар үлгісінде жастарды тәрбиелеу. Секция қатысушылары, университет студенттері мен мектеп және колледж оқушылары аталған секцияның мәселелері бойынша терең білім алып, қаралған сұрақтарға белсенділік танытты. Конференция соңында барлық қатысушылар сертификаттар мен дипломдар алды.

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жетекші маманы Д.Д. Баталовпен «Жобаны басқару» тақырыбында кездесу

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жетекші маманы Д.Д. Баталовпен «Жобаны басқару» тақырыбында кездесу

2019 жылдың 29 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Достық» Коворкинг орталығы ұйымдастыруымен «Сарыарқа» ӘКК» АҚ Өңірлік және әлеуметтік жобаларды дамыту, инновация және цифрландыру бөлімінің жетекші маманы Д. Батталовтың қатысуымен «Жобаны басқару» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаттары:
- ғылыми-зерттеу жобалары мен стартаптарды коммерциализациялау шарттары туралы ақпарат беру;
- «Жасыл экономика, экология және биотехнология» тақырыбында жастар арасында (мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері) «Сарыарқа Болашағы» инновациялық жобалар конкурсының негізгі ережелерін түсіндіру.
Кездесу соңында қатысушылар «Сарыарқа» ӘКК »ҰК» АҚ және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ғылыми-зерттеу институттары өкілдеріне ғылыми жобалар мен өндірістерді коммерциаландыруға және индустриалды инновацияларды мемлекеттік қолдаудың тәртібіне қатысты сұрақтар қойды. Кездесу барлық мүдделі тараптар үшін өте қызықты және жемісті болды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL