«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жетекші маманы Д.Д. Баталовпен «Жобаны басқару» тақырыбында кездесу

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жетекші маманы Д.Д. Баталовпен «Жобаны басқару» тақырыбында кездесу

2019 жылдың 29 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Достық» Коворкинг орталығы ұйымдастыруымен «Сарыарқа» ӘКК» АҚ Өңірлік және әлеуметтік жобаларды дамыту, инновация және цифрландыру бөлімінің жетекші маманы Д. Батталовтың қатысуымен «Жобаны басқару» тақырыбында кездесу өтті.
Кездесудің негізгі мақсаттары:
- ғылыми-зерттеу жобалары мен стартаптарды коммерциализациялау шарттары туралы ақпарат беру;
- «Жасыл экономика, экология және биотехнология» тақырыбында жастар арасында (мектеп оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері) «Сарыарқа Болашағы» инновациялық жобалар конкурсының негізгі ережелерін түсіндіру.
Кездесу соңында қатысушылар «Сарыарқа» ӘКК »ҰК» АҚ және Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің ғылыми-зерттеу институттары өкілдеріне ғылыми жобалар мен өндірістерді коммерциаландыруға және индустриалды инновацияларды мемлекеттік қолдаудың тәртібіне қатысты сұрақтар қойды. Кездесу барлық мүдделі тараптар үшін өте қызықты және жемісті болды.

 

«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жетекші маманы Д.Д. Баталовпен «Жобаны басқару» тақырыбында кездесу «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жетекші маманы Д.Д. Баталовпен «Жобаны басқару» тақырыбында кездесу
«Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жетекші маманы Д.Д. Баталовпен «Жобаны басқару» тақырыбында кездесу «Сарыарқа» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жетекші маманы Д.Д. Баталовпен «Жобаны басқару» тақырыбында кездесу
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus