Жаңғырту және жаңарту: жастар реформалар үшін

Жаңғырту және жаңарту: жастар реформалар үшін2022 жылдың 28 наурызында Университеттің ақпараттық-насихат тобының мүшелері студенттік активпен Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын түсіндіру бойынша кездесу өткізді.
Кездесудің модераторы, әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қ.Ж. Әбілов: «Біз болашаққа сеніммен қарауға мүмкіндік беретін жаңа құжат алдық. Ел Президенті қоғамды толғандыратын, соның ішінде елдің саяси трансформациясына қатысты сұрақтарға толық жауап берді» - деді.
Спикерлер: з.ғ.к., «Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу» кафедрасының доценті Н.В.Сидорова, «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Е.А.Ставбуник, сондай-ақ, кездесудің модераторы қатысушыларға Президенттің мәртебесін өзгерту, биліктің өкілді тармағын қайта қалыптастыру, сайлау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша партиялық жүйені дамыту үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және азаматтық қоғам институттарының рөлін нығайтуға, елдің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіруге және жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыруға бағытталған ел Президентінің негізгі бастамаларын түсіндірді.
Ақпараттық-насихат тобының мүшелері студенттердің сұрақтарына жауап берді.

 

Жаңғырту және жаңарту: жастар реформалар үшін Жаңғырту және жаңарту: жастар реформалар үшін Жаңғырту және жаңарту: жастар реформалар үшін
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus