Әлеуметтік жұмыс оқуын кәсібилендіру – заманаyи мейнстрим

Әлеуметтік жұмыс оқуын кәсібилендіру – заманаyи мейнстрим

Әлеуметтік қорғау стратегиялары мен әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйелерін сапалы жетілдіру әлеуметтік жұмыс мамандарын даярлауда жаңа тәсілдер мен мазмұнды іске асыруды талап етеді. Жоғары оқy орнында әлеуметтік қызметкерлерді даярлау сапасын кәсіби қоғамдастықтың белсенді қатысуынсыз қамтамасыз ету мүмкін емес. «Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы, Жарғы міндеті – Әлеуметтік жұмысты мамандық ретінде, оның мәртебесі мен беделін ілгерілету болып белгіленген ҚР Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсымен тығыз ынтымақтастық пен өзара іс-қимылды дамытады.
«Орталық Азиядағы қауымдар деңгейінде оңалту амалын пайдалана отырып, әлеуметтік жұмысқа оқытуды кәсібилендіру» әлеуметтік жұмыс бойынша өткен ұлттық қысқы мектепте инклюзивті қоғам үшін екі жақты тәсіл туралы, жұмыс істеудің халықаралық жіктемесі негізінде қоғамдастықтар деңгейінде мүгедек адамдарды әлеуметтік оңалту технологиясы, ҚДО бағдарламаларындағы кейс-менеджмент құралдары туралы, қоғамдастықтың оңалту қызметкерінің құзыреті туралы құнды білім алынды.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы «Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы» РҚБ атқарушы директоры Есимова Динара Габиболлаевнаға және оның командасына Әлеуметтік жұмысты Қазақстанда мамандық ретінде алға жылжытқаны үшін алғысын білдіреді және білім беру, әлеуметтік қорғау мен денсаулық сақтау жүйесінде қоғамдастық деңгейінде әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру бойынша сапалы мамандар даярлау үшін бар күш-жігерін салады.

 

Әлеуметтік жұмыс оқуын кәсібилендіру – заманаyи мейнстрим Әлеуметтік жұмыс оқуын кәсібилендіру – заманаyи мейнстрим Әлеуметтік жұмыс оқуын кәсібилендіру – заманаyи мейнстрим
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus