"Мемлекет және құқық негіздері" бойынша олимпиада

"Мемлекет және құқық негіздері" бойынша олимпиада

2019 жылы 22 қарашада Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінің қабырғасында "Жалпы заң және арнайы пәндер" кафедрасының ұйымдастыруымен, Қарағанды қаласының 10-11 сынып оқушылары арасында "Мемлекет және құқық негіздері" бойынша олимпиада өткізілді.. Іс-шара мемлекеттік - құқықтық мәселелерге қызығушылық танытқан талантты жастарды тарту және қолдау мақсатында өткізілді. Олимпиадаға "№63 ЖББОМ" КММ, "№9 Гимназия" КММ, "№85 ЖББОМ" КММ, "Мұрагер" БОМ, "№62 ЖББОМ"КММ құрама командалары қатысты. Мектеп қатысушылары өз білімдерін қолдана отырып, әртүрлі жеке және командалық тапсырмаларды орындап, одан әрі кәсіби бағдар беру үшін баға жетпес тәжірибе алды.
Олимпиада қорытындысы бойынша І дәрежелі дипломмен мамандандырылған "Мұрагер" мектеп-интернатының "Жеті жарғы" командасы, ІІ дәрежелі дипломмен №38 гимназияның "Алғырлар" командасы, ІІІ дәрежелі дипломмен №85 мектеп командасы марапатталды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

"Мемлекет және құқық негіздері" бойынша олимпиада "Мемлекет және құқық негіздері" бойынша олимпиада "Мемлекет және құқық негіздері" бойынша олимпиада
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus