• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

БИБЛИОУТРО

БИБЛИОУТРОҚазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің кітапхана қызметкерлері студенттерге 2018жылдың 13-інші сәуір айының таңын кітапханада қарсы алуды ұсынды.
«Библиоутро:жаңаша оқып және көңіл көтереміз »деген ерекше тақырыппен өткізілген науқанға университет пен колледж студенттері қатысты.Оқушыларға қызықты және әр түрлі бағдарламалар ұсынылды.
Кітапхана қызметкерлері университеттің кіре берісінде кім кітапханаға апаратын жолды біледі деген қызықты сауалнама өткізді.Білген студенттер смайликтер алды,білмегендері-байланыс ақпараттары мен кітапхана мекенжайы көрсетілген нұсқаулықтар алды.
Әрі қарай бағдарлама бойынша кітапхана фойесінде студенттерге ыстық шәй мен кофе ұсынылды.Кітапхана директоры Жабаева Г.Н қатысушыларға құттықтау сөз жолдады.Шараға қатысушылар «Вдохновение» студенттер театрының дайындаған«Эх, молодежь...»,атты қойылымын көрді.
«Библиоутро»әдеби караоке,поэзия мерекесімен жалғасты.Оқытушылар мен кітапханашылар, студенттер музыкалық сүйемелдеумен танымал авторлардың туындылары мен және де өздері шығарған өлеңдерін оқыды.
Спорттық және интеллектуальды конкурстар қызықты әрі көңілді өтті.Студенттер секіртпе жіппен секіру,белтемір айналдыру,ауыр кір тастарын көтеру,логикалық және математикалық тапсырмалар шешу,шахмат пен дойбы ойындарын ерекше құлшыныспен ойнады.
ТПП-24с тобының студенттері Жанкеев Төлеген мен Пручаев Богданның жемістерді безендіріп турау мен майлықтарды сәндеп қою туралы өткізген мастер класс шараның ақырғы аккордына айналды.
Кітапхана қонақтары үшін кітапхана қызметкерлерің дайындаған әртүрлі суреттерін қолданып, естелікке суретке түсуге арналған сурет бұрышы күні бойы пайдалануға ұсынылды.Сондай-ақ кітапхана қонақтары «15сәуір ғашықтар күніне»арнап жасалған кітапхана квилтіндегі сұрақтарға жауап берді.
«Библиоутро»үлкен қызығушылық тудырды,мерекеге қатысушылар кітапхана қызметкерлеріне қызықты шара өткізгендері үшін алғыстарын айтып,«Библиоутро»Қарағанды Экономикалық Университетінің кітапханасының дәстүрлі іс-шараларына айналса деген үміт тілектерін жеткізді.

 

БИБЛИОУТРО БИБЛИОУТРО БИБЛИОУТРО
БИБЛИОУТРО БИБЛИОУТРО БИБЛИОУТРО
БИБЛИОУТРО БИБЛИОУТРО БИБЛИОУТРО
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus