• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

«Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысу

«Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысу 9-10 сәуір 2018ж. ӘЖжәнеҚХА кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К. Өзбекстан Республикасы, Навои облысы, Навои қаласында Жастар орталығында өткен «Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысты. Көрмеде Қазақстанның 26 жетекші жоғарғы оқу орындары көрсетілді.
Көрмеде түлектермен және аймақтық колледждер мен мектеп оқушылары, олардың ата-аналары, сонымен қоса мектеп, колледж, лицей оқытушыларымен кездесу өтті. Оларға Қарағанды экономикалық университетіне түсу және білім алу жағдаяттары бойынша ақпарат берілді.
Кәсіби бағдарлық мақсаттағы іс-сапар барысында Навои қаласында орналасқан Навои мемлекеттік тау-кен университеті, академиялық лицейде, сонымен қатар этникалық қазақтар мен қарақалпақтар тығыз орналасқан Канимех аудан орталығында ауылшаруашылық және экономикалық колледждерде болды.
Кездесу барысында ҚҚЭУ туралы, күндізгі және сырттай-қашықтықтан білім алу және оқуға түсу жағдайлары туралы толық ақпарат берілді, ақпараттық анықтамалар, бүктемелер таратылып, сұрақтарға жауап берілді. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ҚҚЭУ түсуге ниет білдірген потенциалды түлектердің тізімі жасалды.
М.К. Абдакимоваға ғылыми-ағарту форум жұмысына белсенді қатысқаны үшін Навой облысы әкімінің атынан алғыс хат берілді.

 

«Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысу «Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысу «Өзбекстандағы Қазақстан білім күндері» көрмесіне қатысу

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus