ҚҚЭУ-дегі Халықаралық студенттер слеті - Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаһандандыру

ҚҚЭУ-дегі Халықаралық студенттер слеті - Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаһандандыру2017 жылдың 26-27 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Жаңа ұрпақ. Жаңа энергия. Жаңа дәуір» деп аталатын Халықаралық студенттер слёті өтті. «Жастар. Ғылым. Инновация» сөзі слёттің девизіне айналды.
Слёттің мақсаты: студенттік ғылымды дамыту, талантты жастарды анықтау және қолдау.
Слёттің міндеттері: әртүрлі елдердің студент жастары арасындағы коммуникативтік байланыстарды арттыру; ЖОО-лық инновациялық ортаны жетілдіру; студенттік ғылыми зерттеулер мен инновациялық жобалар базасын қалыптастыру және кеңейту; ғылыми-зерттеу қызметі, бизнес пен мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланыстарды кеңейту және тереңдету.
Слёттің жұмысы 5 негізгі іс-шараларды қамтыды.
«Қазіргі әлем және жастар: көре білу және дамыту диалектикасы» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Конференцияға 400-ден астам студенттер, магистранттар, аспиранттар мен докторанттар қатысты.
ТМД елдерінен және алыс шетелден 40 мақала қарауға қабылданды. Пленарық мәжілісте Қазақстанның, Ресейдің, Италияның, Беларусияның өкілдері қатысты. Әртүрлі ғылыми бағыттар бойынша 6 шағын секциялар мен 7 секция жұмыс жасады.
Әрбір секциялар мен шағын секциялар шеңберлерінде үздік баяндамашылар анықталып, бірінші, екінші және үшінші дәрежедегі дипломдар, сондай-ақ: «Үздік шешен», «Үздік таныстырылым», «Үздік дәлелдеме», «Жаңа топшылау», «Құзыреттілік және креативтілік» бес номинациялары бойынша дипломдар тапсырылды. Қорытындысы бойынша конференция материалдарының жинақтары: бірінші том баспа форматта (көлемі 310 бет), екінші том электрондық форматта (көлемі 700 бет) дайындалды.

«Жастардың болашаққа үлесі» инновациялық жобалар конкурсы слёт жұмысының екінші маңызды бағыты болды. Конкурсқа Әзербайжан, Беларусь Республикасы, Қазақстан, Ресей және Украина ЖОО-ларынан 50-ден аса жоба табыс етілді. Инновациялық жобалар конкурсының жеңімпаздары 1,2 және 3-ші дәрежедегі жеңімпаздар дипломдарымен және бағалы сыйлықтармен марапатталған болатын. 12 номинация бойынша дипломдар тапсырылды.
Слёттің үшінші және төртінші бағыттары жастар бизнесін ашып көрсетуге және дамытуға бағдарланды. Екі алаңда қазақ және орыс тілдерінде бизнес-тренинг өткізілді.
Слёттің бесінші бағытына мәдени-сауықтыру бағдарламасы кірді. Бірінші күні этноконцерт бағдарламасы, ҚҚЭУ студенттерінің сән театры, «Жайна» хореографиялық ансамблі өнер көрсетті. Қорытынды күні «БИГ-БЭНД» джаз оркестрі өнер көрсетті.
Слётті ұйымдастырушылар, студенттердің аталмыш форумы шығармашылық шабыт және жемісті ғылыми диалог жағдайында өтті деп санайды.

ҚҚЭУ-дегі Халықаралық студенттер слеті - Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаһандандыру ҚҚЭУ-дегі Халықаралық студенттер слеті - Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаһандандыру
ҚҚЭУ-дегі Халықаралық студенттер слеті - Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаһандандыру ҚҚЭУ-дегі Халықаралық студенттер слеті - Жас зерттеушілердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жаһандандыру
Attachments:
Download this file (Слет.pptx)Слет.pptx17462 kB
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus