«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ЖӘНЕ ТЕРРОРИЗМ: ҚИЯЛ МА ӘЛДЕ ШЫНДЫҚ ПА?»

«Ақпараттық-есептеуіш жүйелер» кафедрасы «Діни экстремизм және терроризм: қиял ма әлде шындық па?» атты дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге «Қарағанды облысының дін істері басқармасы» ММ бөлімінің басшысы Тлекбаев Серик Куатович қатысты.
Терроризм мен экстремизм өз ауқымы, зардаптары, қарқыны, жою күші, рақымсыздығы мен қатыгездігі бойынша қазіргі таңда барлық адамзаттың алапат мәселесіне айналды. Әлемнің әртүрлі елдеріндегі лаңкестік әрекеттермен байланысты соңғы қайғылы оқиғалар осының дәлелі болып табылады.
Тлекбаев С.К. өз сөзінде мемлекет тарапынан халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қандай іс-шаралар қолданылатынын, қопарғыш жабдықты табу кезінде және террорлық әрекет қауіпі кезінде қауіпсіздік әрекеттерінің ережелерін айтып кетті. Сонымен қатар, діни экстремизмнің пайда болуы мен таралу себептерін, оның туындау формаларын ашып айтты, Қазақстанда әрекет ететін діни қоғамдық бірлестіктер ерекшеліктерін түсіндірді.
Дөңгелек үстел қатысушылары толеранттық рухында жастарды тәрбиелеудің, кез келген адамға, оның ұлты, дініне қарамастан сыйластық танытудың тиімді механизмдерін іздеу үрдісін жандандыруды қажет екенін атап өтті.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus