Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

6М030100 «Юриспруденция» мамандығының Ю-11 НП тобының магистранты Әсемгүл Ахметқызы Сағындықова Ресей Федерациясының Кемер қаласында 2018 жылғы 26 ақпанда өткен «Бостандық және құқық» XXIII халықаралық ғылыми конференциясына «Коррупцияның түсінігі және мәні» тақырыбындағы баяндамамен қатысып, жеңімпаз атанды.
Әсемгүлдің жұмысына ЭҚЗ ҒЗИ заңдық зерттеулер лабораториясының аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Болат Өміржанұлы Сейітхожин ғылыми жетекшілік жасады.
Әсемгүлді Ахметқызыны және Болат Өміржанұлын 1-дәрежелі Дипломдарымен құттықтаймыз, шығармашылық жаңа табыстар тілейміз!

ҚҚЭУ ЭҚЗ ҒЗИ-ның ұжымы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

ҚҚЭУ қатысу үшін 10 сәуірге дейін он-лайн Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады

««Төртінші индустриалды революция жағдайында Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдірудің теориялық және құқықтық және құқық қорғау мәселелері»»

Құттықтаймыз!

Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институтының ұжымы з.ғ.д., профессор Қайратр Әлиханұлы Бәкішевті, э.ғ.д., профессор Айбота Мұратқызы Рахметованы, з.ғ.к., доцент Аликжан Халелұлы Феткуловты Ұлттық ғылыми кеңестің 2018-2020 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді «Мәңгілік Елдің» ғылыми негіздері (XXI ғасырдағы білім беру: гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер) басым бағыты бойынша гранттық қаржыландыру жөніндегі оң шешімімен құттықтайды.
Жеңімпаздарға шығармашылық табыстар, зор денсаулық және отбасылық құт-береке тілейміз!!!

Жоғарғы математикадан олимпиада

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің жоғарғы математика кафедрасы, Қарағанды қаласының жоғарғы оқу орын және колледж студенттерін (экономикалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер), жоғарғы математика пәні бойынша өтетін Олимпиадаға шақырады. Олимпиада 23 қарашада сағат 14.30 өтеді.
Қатысатын студенттер «олимпиадаға қатысу» хабарлауын келесі түрде Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. электрондық поштаға жібере алады:

Ф.А.Ә.

ЖОО/ колледж

Контакт. тел.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласуыңызға болады: 87079532084. Жауапты – Бейсеналина Сауле Толепбергеновна.

Назар аударыңыздар!!!

2017-2018 оқу жылында кітапханада буккроссинг «Өзің оқып-өзгеге ұсын»атты кітап науқаны жүргізілуде,науқанға университет студенттері мен колледж студенттері сондай-ақ оқытушылар мен қызметкерлер белсенді қатысуда.Кітап айырбастау науқанының белсенді қатысушысы бол.

Құрметті түлектер!!!

Құрметті түлектер!!!
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сай бейіндік пәндер бойынша өту балдары 15-тен 5 балға төмендетілді!
Қарағанды экономикалық университеті сізді күн сайын Академическая,9 мекен-жайы бойынша кеңес алуға шақырады (тел.8(7212)44-15-72).

КТ онлайн байқау сынағы!

КТ онлайн байқау сынағы!ҚЭУ сырттай бөліміне түсетін талапкерлерге еске салу! Кешенді тестілеу пәндері бойынша байқау сынағын өтуге мүмкіндік бар екендігін ескертеміз. Тестілеу сынағынан өту үшін келесі сілтеме ұсынылған https://prob-college.testcenter.kz/#/login

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus