«Аманат» студенттік ғылыми қоғамы

«Аманат» студенттік ғылыми қоғамыҚазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық Университетінің бизнес, құқық және технология факультетінің «Аманат» студенттік ғылыми қоғамы «Ғылым және оның қоғамдағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үстел модераторы ЭҚҚР кафедрасының аға оқытушысы Магдатова Қ. Ж. «Аманат» СҒҚ қызметі туралы, оның негізгі мақсаты «Аманат» резиденттерінің зерттеу әлеуетін ашуға, ғылыми қызмет нәтижелерін ғылыми-білім беру кеңістігіне біріктіруге жәрдемдесу, студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмысын кеңінен насихаттау, практикалық қызметте заманауи ғылымның жетістіктерін шығармашылықпен қолдана алатын студенттердің кәсіби даярлығының сапасын арттыру екендігі туралы айтып берді.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus