ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ISMA университетімен (Латвия) МВА бағдарламасына қабылду жүргізілуде
Барлық сұрақтар бойынша Халықаралық бағдарламалар, жобалар және академиялық ұтқырлық орталығына хабарласыңыздар (268 каб.)

ХАБАРЛАНДЫРУ!!!

ISMA туралы
ISMA Институты –дәстүрге бай және еуропалық аймақта айқын көзқарасы бар Латвия жетекші жоғары оқу орындарының бірі.
ISMA табысты және үздіксіз дамып келеді, бұл теория мен практиканы үйлестіре, практикалық тәжірибе негізінде Латвия және Еуропа еңбек нарығында бәсекеге қабілетті білім беруді ұсынуға мүмкіндік береді.
Кәсіби біліктілігін арттыру курстары мен бағдарламаларды жүзеге асыруда ISMA барлық ниет білдірген адамдар үшін сенімді серіктестердің бірі болып табылады.

Хабарландыру !!!

Хабарландыру !!!

2016 жылдың 8 қазан күнінен бастап
сағат 10:00 де баскетболдан (қыздар,ұлдар)
Қарағанды қ. ЖОО-ң арасында «Cтуденттік Лига» ойыны университетіміздің спорттық-сауықтыру орталығында басталады.
Сағат 11:20-да ҚММУ-ҚҚЭУ (қыздар), сағ. 15:20-да ҚММУ-ҚҚЭУ (ұлдар) командалары кездеседі.
Барлық жанкүйерлерді университетіміздің командасын қолдауға шақырамыз.

ҰСТАЗДАР КҮНІМЕН!

4 ҚАЗАН – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰСТАЗДАР КҮНІ БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ КҮНІ» ӨТЕДІ

Ақпараттық хабар

1

2016 жылғы 17-18 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті Қарағанды облысының білім беру басқармасымен бірге «Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі» зерттеушілік және жобалық жұмыстарының байқау-конференциясын өткізеді. Оған қатысуға жас ғалымдар, магистранттар, ЖОО-ның студенттері, орта және орта-арнаулы оқу орындарының білімгерлері шақырылады.
Жобаларды келесі бағыттар бойынша ұсынуға болады:

Құрметті талапкер!!!

Құрметті талапкер!!!

ҚЭУ-не  түлектерді қабылдау олардыңөтініштері бойынша конкурстық негізде 2016 жылдың 20 маусымынан бастап 25 тамызына дейінгі аралықтаҰБТ немесе ТКТ сертификаттарындағы баллдарына сәйкес жүзеге  асырылады.

Қарағанды экономикалық университеті шақырады:

  • оқудың күндізгі бөліміне 50 не одан жоғары баллы бар ҰБТ сертификатына ие мектеп түлектерін 2016 жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін; 
  • оқудың күндізгі және сырттай-қашықтықтан оқыту бөлімдеріне қабылдау мақсатында өткізілетін Кешенді тестілеуге қатысу үшін колледж түлектерін 2016 жылдың 20 маусымынан 9 шілдесіне дейін;
  • ҚР БҒМ Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін 2016 жылғы шілденің 23-нен 31-не дейін;
  • екінші жоғары білім алу үшін - емтихансыз - 2016 жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін.  

Егер талапкер (мектеп не колледж түлегі) өту баллын (50 балл) жинамаса немесе  ҰБТ мен кешенді тестілеуге қатыспаған жағдайда, онда ол ақылы негізде ЖОО-на қабылдануы үшін өткізілетін қайталанбалы кешенді тестілеуге (тамызда) қатыса алады.

ҰБТ немесе ТКТ (шілде айында) және қайталанбалы кешенді тестілеуден (тамыз айында) 50-ден кем балл жинаған сертификаты бар талапкерлер І курстың шартты тыңдаушысы ретінде оқытудың күндізгі түріне ақылы негізде бірінші семестрдің аяқталуына дейін қабылданады және ол қосымша кешенді тестілеуге (қаңтарда өтетін) қатыса алады.

Phd докторантура және магистратураға түсушілерге арналған!

PHD ДОКТОРАНТУРА ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРАҒА түсушілерге арналған!

Ағылшын тілі бойынша бейінттік курсына тыңдаушылар тобы жинақталуда.
Топтың жинақталуына қарай курс басталады.
264 кабинет - жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаментіне хабарласу
Телефон: 44-16-34 (қос. 199)

Phd докторантура және магистратураға түсушілерге арналған!

Құрметті студенттер!

Құрметті студенттер!

2016 жылдың 18 сәуір айынан бастап 1(кысқ. және жоғары білім) және 2 (қысқ.)

курстарда экзамендерді қайта тапсыру болады.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Дөңгелек үстелге шақырамыз!!!
2016 жылдың 30 наурызында сағат 11:00 206 аудиториясына, «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерей тойына орайластырылған «Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстелге қатысуға шақырады.

Дөңгелек үстелдің жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Өтетін орны: Қарағанды, ҚҚЭУ
Жауапты: Сыздыкбеков Ержан Серикович, магистр, «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы.
Байланыс мәліметтері: тел.: 8(7212) 44-16-24 *вн. (296)
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.; сот. тел. 8 (771) 379 84 36
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қарағанды қ., Академическая көшесі 9, ҚҚЭУ, каб. 267.

ХАБАРЛАНДЫРУ

Халықаралық конференцияға шақырамыз!!!
2016 жылдың 28 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерей тойына орайластырылған «Жаһандану жағдайындағы аймақтық және ұлттық қауіпсіздік мәселелері» атты студенттердің халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясына қатысуға шақырады.

КОНФЕРЕНЦИЯНЫҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ

09.30-10.00 – Қатысушыларды тіркеу
10.00-12.00 – Конференцияның ашылуы және пленарлық отырыс
12.00-13.00 – Түскі асқа үзіліс
13.00-16.00 – Секциялық отырыс
16.00-16.30 – Конференцияны қорытындылау және жабық деп жариялау

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын
Өтетін орны: Қарағанды, ҚҚЭУ
Жауапты: Сыздыкбеков Ержан Серикович, магистр, «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы.
Байланыс мәліметтері: тел.: 8(7212) 44-16-24 *вн. (296)
e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.; сот. тел. 8 (771) 379 84 36
Ұйымдастыру комитетінің мекен-жайы: Қарағанды қ., Академическая көшесі 9, ҚҚЭУ, каб. 267.