Суға түскенде абай болыңыз!

Суға түскенде абай болыңыз!

Жаз айларының келуімен және күннің ысуымен тұрғындардың көпшілігі бос уақыттарында еліміздің су айдындарына, өзендері мен көлдеріне  барып шомылғанды жақсы көреді. Суға түсу және күннің астында қыздырыну адамды сергітіп, жұмыс қабілетін арттырады, жақсы демалыс болады.

Бірақ демалушылардың барлығы бірдей суға түсу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтауды ойлай бермейді. Қауіпсіздік, сақтық шараларын сақтау мақатында:

  • спирттің ішімдік ішіп және есірткі заттарын шегіп мас күйде суға түсуге және шомылуға;
  • қайықтан, катерден, айлақтан, сондай-ақ осы мақсаттар үшін бейімделіп жасалмаған ғимараттардан (құрылыстардан) суға секіруге,
  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерге  сүңгуге,
  • соған дейін жүзіп баруға болатын белгілер шектерінен ары қарай өтіп кетуге;
  • жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;
  • су айдындарын ластауға және қоқыс тастауға,
  • демалушылар жарақат алып қалуы мүмкін қоқыстарды жағаға және киім шешетін жерлерге қалдыруға,
  • жалған дабыл беріп айқайлауға,
  • техникалық және ескерту белгілеріне, буйкаларға көтерілуге,
  • ересек адамдардың қасында жүрусіз балалардың суға түсуіне тыйым салынатынын ескертеміз.

АҚ штабының бастығы: Н.Әлімқұлов

Суға түскенде абай болыңыз!Суға түскенде абай болыңыз!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus