Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні

Отан қорғаушылар әрқашан патриотизмнің және өз халқына шексіз қызмет етудің, ар-намыс пен ерліктің, батылдық пен батырлықтың көрінісі болды, өйткені әлемде бейбітшілікке қызмет етуден және өз елін, халқын қорғаудан жоғары миссия жоқ.
Қазақстандықтар өз өмірлерін Отан бостандығы мен тәуелсіздігі үшін қиған батырлардың барлық ұрпақтарының ерліктері туралы естеліктерді ұқыпты сақтайды.
Осылайша, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнінің 30 жылдығына және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.
№4 жатақхана құрама командасының жеңісімен аяқталған университет жатақханаларында тұратын студенттер арасында шағын футболдан өткен турнирды атап өтуге болады.
Спорттық іс-шаралардан басқа, 28 сәуір мен 5 мамыр аралығында факультет кураторлары «Ұлы Отан соғысы» тақырыбында дөңгелек үстелдер мен кураторлық сағаттар өткізді. Осы іс-шаралар аясында студенттер Кеңес Одағының батырларын еске алды, соғыс жылдарындағы оқиғаларды талқылады, әскери – патриоттық әндер шырқады, соғыс туралы фильмдер көрді, сондай-ақ өз туыстарының-ҰОС ардагерінің жеке әңгімелерімен бөлісті.
Сондай-ақ, Жеңіс күні қарсаңында университетіміздің өкілдері әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, жастар бастамалары орталығының директоры, экономика, кәсіпкерлік және басқару факультеті деканының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары және ЖОО студенттері ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін жеке құттықтады.
5 мамыр күні Студенттер мәдениет сарайында мерейтойлық даталарға орай университет студенттері дайындаған мерекелік концерт өтті. Сондай - ақ, концертке біздің университетіміздің қонақтары- Б. С. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Академиясының тыңдаушылары қарумен саптық дефиле Б. С., Макоренко Валерия «Отмените войну» әнімен, Нұркен Әбдіров атындағы №58 Қарағанды негізгі мектебінің жас барабаншылары.
Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мереке болып табылады. Бұл күн Отанымызды, халықты зұлымдықтан қорғаудың көрінісі болып табылады және ҰОС батырларын еске алу біздің жүрегімізде мұқият сақталады.

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Отан қорғаушылар күні және Жеңіс күні

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus