Университеттің 50 жылдық мерейтойының қарсаңында өткізілген «Бизнес және Құқық факультетінің Аруы - 2016» Сұлулар сайысы

Университеттің 50 жылдық мерейтойының қарсаңында өткізілген «Бизнес және Құқық факультетінің Аруы - 2016» Сұлулар сайысы2016 жылдың 1 сәуір күні Бизнес және Құқық факультетінде «Бизнес және құқық факультетінің Аруы -2016» сайысы өтті.
Бұл сайыс жылда Бизнес және Құқық факультетінің Студенттер конгрессі ұйымымен ұйымдастырылады. Сайысқа факультеттің 10 ару студенті қатысты: Олар:
1.Аманжол Алуа группа Тур-11к
2.Аниева Айтжамал группа ТПП-11
3.Райзаева Гульзира группа Ю-15к
4.Черныш Юлия группа Ю-12
5.Жарылгасинова Жансая группа Ю-11к
6.Касымова Айсулу группа -11к
7.Садвокасова Нина группа ТД -12
8.Бокова Айза группа РД-12
9.Искакова Даяна группа РД-12
10.Картай Мадина группа Ю-12.
Қатысушы арулар келесі сайыстық кезеңдерден өтті: «Видеотаныстыру», «Ақыл – ой сайысы», «Шығармашылық сайысы», «Дефиле».
Қатысушы аруларымыздың өнерін, дайындығын құзыретті әділ-қазылар бағалады, оның ішінде атап өтетін болсақ: «Roteck» компаниясы, «A-one» модельдік агенттігі, Снэккафе «Молодежка», «Sushi love» жеткізу қызметі, «Топчан» кафе жүйесі, «Инкогнито» клубы, «Шугаринг Пёрфект» студиясы, «Арткосметик» компаниясы және «ИдеалЛешез» компаниясы, «Штаб-Квартира», «Sky Walkers» би студиясы және т.б. Сайыстың демеушілері «Атланта 404» компаниясы, «Аспан», балмұздак зауыты, «Eastside» би студиясы, Мега Мюзик Фестиваль, Карағандының танымал фотографы Мирали Садықов, және «7Skay» караоке клубы.
Концерттік бағдарламада өз өнерлерін университетіміздің келесі студенттері көрсетті:
1.Нугуманова Улжан (УФФ)
2.Исаев Айтуар (ОПЭК-11к), Сапаргали Айнур (Ю-11к)
3.Тасбалта Нұрсұлу (ТПП-12к)
4.Рамазан Фариза (Тур-11к)
5.Науменкова Ксения (ТПП-32)
6.Силенок Карина (Тур-24с)
7.Тусупова Назерке (Ю-11к)
8.Амантаева Дидар (Ф-11с/к) және университетіміздің «GreenLight» и «B-block» секілді би командалары.
Қатысушы әр ару белгілі номинация бойынша сыйлықтарға ие болды
Сайыста «Бизнес және құқық факультетінің Вице-Аруы -2016» атағына ие болған Ю-11к тобының студенті Жарылгасинова Жансая, ал сайыстың жеңімпазы «Бизнес және құқық факультетінің Аруы - 2016» атағына ие болған Тур-11к тобының студенті Аманжол Алуа.

«Алихан Букейханов – лидер партии Алаш» тақырыбына арналған дөңгелек үстел

«Алихан Букейханов – лидер партии Алаш» тақырыбына арналған дөңгелек үстел28.03.2016 ж. «Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы» «Алаш Орда» партиясының жарқын лидерлерінің бірі Әлихан Бөкейхановтың 150-жыл толуына арналған іс-шара ұйымдастырып, өткізді.
Дөңгелек үстел кафедра оқытушылары мен университеттің барлық мамандықтарының студенттерінің қатысуымен өткізілді. Іс-шара барысында «Великие тайны великих людей» атты бейнеролик көрсетілімге ұсынылды.

«Экология және бағалау» кафедрасы «Орталық Қазақстанда жүзеге асырылып экологиялық жобаларға» платина дәріс өткізді

31 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасы «Орталық Қазақстанда жүзеге асырылып экологиялық жобалар» атты платиналық дәріс өткізді.
Дәріс оқыған Қарағанды қ. Экомұражайының жобалар жетекшісі Колгина Ирина. Дәріс тындағандар «Экология» мамандығының 1,2,3 курс студенттері және кафедра оқытушылары.

«AMADEUS» курсы

Жыл сайын университетте «Амадеус» жүйесінде халықаралық жолаушылар авиатасымалын брондау технологиясы» атты курс өткізіледі. Кафедра аталмыш курсы өткізу үшін «Туризм» мамандығының бітіруші курс студенттеріне арнап осы курстың маманын шақырады. Барлық қатысқысы келген студенттер ақылы түрде курсты тыңдап, емтихан тапсыра алады. Биылда «Амадеус» курсы 103 аудиторияда 4-9-ші сәйуір аралығында өтеді. Курсты «Амадеус» оқу орталығының оқытушысы Бажикова Айгерим жүргізеді. Курсты «Туризм» мамандығының Тур-35с,Тур-42, Тур-34 с\к, Тур-41к және РД-42к топтарының қалаған студенттері тыңдауға жазылып, соңында барлығы емтиханды тапсырып, сертификат алды.

«Мерей» қонақүй базасындағы сабақ

«Мерей» қонақүй базасындағы сабақ31-ші наурыз 2016 жылы 12.30-дан 16.00-ге дейін «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының доцені Б.Т. Матаева және «Туризм және қонақжай саласындағы көңіл-көтеру қызметін ұйымдастыру, «Мейрамхана және қонақүй шаруашылығы», «МІ және ҚБ менеджменті» курстарын игеру барысында РД-11к, РД-13ск, Тур-21к, РД-31к тобының студенттерімен «Мерей» қонақүй базасында сабақ ұйымдастырды.

«Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстел өтті

«Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстел өтті2016 жылдың 30 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» мен «Экономикалық теория және МЖБ» кафедралары Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерей тойына орайластырылған «Ұлттық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі діни экстремизм» атты дөңгелек үстел өткізді.

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында өткен сабақ

Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында өткен сабақ2016 жылдың 18 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушысы, тарих ғылымының магистрі Шукушева Е.В. Наурыз мерекесіне орайластырылған, «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» мен «Көпжақты дипломатия» пәндерінің шеңберінде университеттен тыс МО-32, МО-33 топтарына және академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Душанбе (Тәжікстан) мен Белгород (Ресей) қалаларынан келген студенттеріне Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президент тарихи-мәдени орталығында сабақ өткізді.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университет магистранттарының Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы.

2016 жылдың 21 наурыз және 30 наурыз аралығында ғылыми және педагогикалық бағыттың 6М050700 «Менеджмент», 6М051000 «Мемлекеттік және жергелікті басқару», 6М051100 «Маркетинг» мамандықтарының 2 курс магистранттары Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы, Санкт – Петербург қ.) шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің белгілі профессорлармен мен доценттер магистранттарға «Современные подходы к менеджменту, маркетингу и государственному управлению в условиях глобализации: стратегический аспект» макро, мезо, микро деңгейде іске асырылатын замануи аймақтық кадрлар әлеуетін басқаруын байланысты сұрақтар шоғырын ашты, ресурсты үнемдеуді және энергия үнемдеуді басқару, мемлекеттік реттеу және инновациялық бизнесті муниципалды меншікті басқару, мемлекеттік және муниципалды басқару жүйесіндегі кадолық саясат жөнінде жаңа мәліметтер игерілді.
Тәжірибелік дәріс «Ингрия» бизнес – инкубатор негізінде өтті, оның аясында магистранттар инновациялық жобалар презентацияларына қатысты.
Тағылымдама бағдарламасы аясында магистранттар Санкт – Петербург мемлекеттік экономикалық университетінің кітапханасында шетелдік ғылыми және оқу әдістемесі.

«Экология және бағалау» кафедрасы «Қыстайтын құстарға көмектесейік» атты акция өткізді

25 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасының оқытушылары Аршкенова Айгүл Мейрамқызы мен Тұргамбеков Ғалым Мұратұлы Жас натуралистер станциясында «Қыстайтын құстарға көмектесейік» атты акция өткізді.
Іс-шарага «Экология» мамандығы студенттері Кәкен Темірлан (Эко-11), және Мағауя Нұржан және Оралбек Жасын (Эко-12к) қатысты. ҚҚЭУ студенттері экологиялық білім беру бойынша ойын түрінде мастер-класс ұйымдастырды.

«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы ҚҚЭУ 50 жылдығына орай Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді

«Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы ҚҚЭУ 50 жылдығына орай Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді2016 жылы 28 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы ҚҚЭУ 50 жылдық мерейтойының шеңберінде «Жаһандану жағдайындағы аймақтық және ұлттық қауіпсіздік мәселелері» атты студенттер мен магистранттардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.
Конференцияға 68 адам қатысып, оның ішінде – 14 сырттай, ал 54 – тікелей қатысты. Оның 6 магистрант, 44 студент, 11 колледж студенттері мен 7 мектеп оқушылары болды. Конференцияға академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқып жатқан Тәжік мемлекеттік коммерция мен Белгород мемлекеттік ғылыми-зерттеу университеттерінің студентерінің қатысқандығын ерекше атаған жөн.

ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІМЕН өткен ашық сабақ

ДІН ІСТЕРІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІМЕН өткен ашық сабақ2016 жылдың 2 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Егізбаев С.Қ. МО-31к және МЭ-31к топтарында «Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты» пәнінен, «Қазақстанның Орталық Азия және Закавказье республикаларымен қарым-қатынастары» тақырыбы бойынша практикалық сабақ өткізді. Сабаққа «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы мен Қарағанды облыстық дін істері басқармасының арасындағы қабылданған меморандумға сәйкес, басқарма қызметкері Гимадиева Қарлығаш қатысты. Басқарма қызметкері діннің өзекті мәселелері мен діни фактордың Орталық Азия мен Қазақстандағы орнына тоқталып кетті.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus