• ВЕРСИЯ ДЛЯ СЛАБОВИДЯЩИХ

Қысқы мектеп – 2018

Қысқы мектеп – 2018Ішкі академиялық ұтқырлық бойынша шартты жүзеге асыру шеңберінде 2018 жылдың 10-28 қаңтар аралығында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің қысқы мектебіне Қазақстан Республикасының келесі жоғары оқу орындары: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті мен Павлодар қаласындағы Инновациялық Еуразия университеті қатысты. Қысқы мектеп шеңберінде «Юриспруденция», «Қаржы», «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Менеджмент», «Аударма ісі», «Есеп және аудит», «Психология» мамандығының студенттері «Азаматтық құқықтарды қорғаудың соттық емес тәсілдері» (лектор – Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының доценті Ю.Н.Еремин) және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл. Құқықтық және экономикалық аспектілері» (лектор – з.ғ.к., доцент Б.У.Сейтхожин) пәндері бойынша дәрістер курсын тыңдады.
Университет факультеттерінің жастар ісі жөніндегі комитеттері саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу Музейі – Карлагқа экскурсия ұйымдастырды. Осы экскурсия біздің қонақтарымыздың бойында ұмытылмастай әсер қалдырды. Біздің еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылық құндылықтары оларды ойландырғаны сөзсіз.

 

Қысқы мектеп – 2018 Қысқы мектеп – 2018 Қысқы мектеп – 2018
Қысқы мектеп – 2018 Қысқы мектеп – 2018 Қысқы мектеп – 2018

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus