«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ОЙЫНЫ

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ОЙЫНЫ27.11.2018 жылы ЭҚҚР кафедрасының оқытушылары Амантай А., Есенов Д., Хауия С. ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмысын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды қаласының №65 және №102 жалпы орта мектеп оқушыларының арасында «Алғырлар» және «Алты жұлдыз» топтарының қатысуымен «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» пәнаралық интеллектуалдық сайыс ойынын өткізді.
Ойын 3 турдан тұрды. Сұрақтар биология, география, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндерінен және логикалық сауалдар болды. Оқушылар арасындағы сайыс тартысты, әрі қызықты өтті. Ойын соңында сайыс қорытындысы бойынша №65 мектеп «Алғырлар» тобы 1-орын, № 102 мектеп «Алты жұлдыз» тобы 2-орынға ие болды. Топтар арнайы диплом және сыйлықпен марапатталды.

 «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ОЙЫНЫ

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus