Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті докторантының Прагадағы шетелдік ғылыми тағылымдамасы

1

2018 жылдың 27 мамырынан 09 маусым айының аралығында 6D051000 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының докторанты Ставбуник Елена Прага экономикалық университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
Ғылыми тағылымдама барысында келесідей тақырыптық семинарлар тыңдалды: «Мемлекеттің инновациялық саясатының адами ресурстарға ықпалы және Еуропалық Одақ жағдайындағы олардың әлеуеті» (PhD, Яна Коуржилова), «2020 жылға дейінгі инновациялық даму Стратегиясы шеңберінде Чехия Республикасы өңірлерінің заманауи жағдайы» (өңірлік зерттеулер кафедрасының меңгерушісі Петр Тотх). Докторант Ставбуник Е.А. танымал профессор Томаш Матуланың «Чехия Республикасында инновациялық белсенді бизнес үшін қолайлы инновациялық климатты қалыптастыруға мемлекеттік институттардың қатысуы және олардың өзара әрекеттесуі» атты мастер-класқа қатысты. Докторанттың Чехия Республикасы Инвестициялық агенттігінің басшылығымен және ЧР өнеркәсіп және сауда Министрлігінің қызметкерлерімен кездеуі өте қызықты әрі тиімді болды. Кездесу барысында докторантқа Чехиядағы инновациялық жобаларды инвестициялау ерекшеліктерімен, сонымен қатар чехиялық кәсіпорындардың инновациялық дамуының стратегиялық бағдарламаларымен танысу мүмкіндігі ұсынылды.

 

.

Erasmus + жобысы бойынша өткен «Driving the regional economy: new universities’ tools and technologies» атты халықаралық конференциясы

Erasmus +  жобысы бойынша өткен «Driving the regional economy: new universities’ tools and technologies»  атты халықаралық конференциясы2018 жылдың 27 мамырдан 29 мамыр аралығында, Ростов-на-Дону қаласының Дон мемлекеттік техникалық университетінде Erasmus + Еуропалық комиссия жоба бөлігі ретінде жоспарланған «Driving the regional economy: new universities’ tools and technologies» халықаралық конференция өтті.
Конференция 9 елден серіктестері қатысты, олар: Ұлыбритания, Кипр, Германия, Грекия, Словения, Латвия, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан
Халықаралық конференция шеңберінде Yianna Orphanidou және доктор Melpo Iacovidou Никосия университетінен (Кипр), және Ұлыбритания докторы, сыртқы сарапшы Саймон Джонспен тренингтер өткізді.
Конференцияның екінші күні Құзыреттілікті дамыту жəне жұмысқа орналастыру орталықтарын құру сұрақтары бойынша сыртқы сарапшы доктор Саймон Джонспен кездесу өткізді және жоба серіктестермен дайындалған мәліметтер бойынша орталықтардың жұмысының нәтижелеріне баға берді.
Тренингтер аяқталғаннан кейін қатысушыларға сертификаттар табысталды.

«БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АКЦИЯСЫ

«БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АКЦИЯСЫ

2018 жылдың 25 мамырында Экология және бағалау кафедрасы «Болашаққа көзқарас» акциясының шеңберінде викториналар мен мәдени бағдарламалар ұйымдастырды. Акция Қарағанды қ. Абзал СҮ аумағында өтті. Бұған дейін әлеуметтік желіде жүргізілген «Туған жер» блиц-сауалнама нәтижелері бойынша жеңімпаздарды диплом мен естелік сыйлықтар берілді. Бұл іс-шара қала тұрғындарын «Рухани жаңғыру» бағдарламасымен таныстыру мақсатында өткізілді.

CACTLE жобасы аясында ҚҚЭУ-не жұмыс сапары

CACTLE жобасы аясында ҚҚЭУ-не жұмыс сапары29 мамыр 2018 жылы CACTLE («Орта Азиялық оқыту, білім және кәсіпкерлік орталығы») аясында Қарағанды университетіне PhD докторы, Вена экономика және бизнес университетінің «Менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы Герхард Гейслер келді.

CACTLE KEUK отралығынығ сертификаттарын табыстау

CACTLE KEUK отралығынығ сертификаттарын табыстау29 мамыр 2018 ж. «CACTLE KEUK» орталығы өткізген «Certified University Teacher» («Сертификатталған университет оқытушысы») курсы бойынша Вена экономика және бизнес университетінің (Австрия, Вена қ.) халықаралық үлгідегі сертификаттары табыс етілді. "Certified University Teacher" тренингтік бағдарламасы оқыту және дидактика саласында құзыреттілікті дамытуға бағытталған.

Шанхай Серіктестік Ұйымы мемлекеттер универститеттерінің III жастар форумы - 2018

Шанхай Серіктестік Ұйымы мемлекеттер универститеттерінің III жастар форумы - 201829 мамыр 2018 ж. «CACTLE KEUK» орталығы өткізген «Certified University Teacher» («Сертификатталған университет оқытушысы») курсы бойынша Вена экономика және бизнес университетінің (Австрия, Вена қ.) халықаралық үлгідегі сертификаттары табыс етілді. "Certified University Teacher" тренингтік бағдарламасы оқыту және дидактика саласында құзыреттілікті дамытуға бағытталған.

ҚҚЭУ – «АРМАНҒА ЖОЛ» - «KARAGANDAHALFMARATHON» жартылаймарафонның белсенді қатысушысы

ҚҚЭУ – «АРМАНҒА ЖОЛ» - «KARAGANDAHALFMARATHON» жартылаймарафонның белсенді қатысушысы

Біздің университетте көпетеген жылдар бойы студенттер, оқытушылар және қызметкерлер арасында салауатты өмір салтының дәстүрі қалыптасқан.
ҚҚЭУ Қазақстанда және Қарағандыда өтетін ірі-ауқымдағы түрлі спорт шараларының негізгі белсенді қатысушысы ретінде танымал.
2018 жылы 20 мамырда Қарағандыда өткен «АРМАНҒА ЖОЛ» атты жартылаймарафонға университет пен колледж атынан 100-ден аса оқытушылар мен студенттер белсене қатысты. Аталмыш жартылаймарафонға біздің спортшылар үлкен ынта білдірді.
Жалпы жартылаймарафонда 18-34 жас аралықтағы 7 шықырым жүгірісте екінші жүлделі орынды жеңіп алған және арнайы ақшалай ұтысқа қол жеткізген (60 000 теңге) МО-33 тобының студент қызымыз Лисичкина Варвараны атап өтуге болады.
Спорт пен салауатты өмір салты мерекесі сәтті өтті! Оның қатысушыларын толықтай құттықтаймыз!

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының кітаптары – ҚҚЭУ кітапханасында

«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының кітаптары – ҚҚЭУ кітапханасындаҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында алдағы уақытта қоғамның барлық саласында ауқымды жобалар мен реформаларды жүзеге асыру бойынша бір қатар міндеттер қойған болатын.
Соның бірі – «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы. Бұл жоба аясында әлемнің үздік оқулықтары мемлекеттік тілге аударылып, қазақстандық оқырманға қол жетімді болады.
Құрметті студенттер, оқытушылар, оқырмандар!
ҚҚЭУ кітапханасына осы жоба аясында философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, антропология, инновация салалары бойынша аударылған алғашқы 17 кітап түскенін хабарлаймыз.
Кітаптарды университет кітапханасының оқу залында

ОМБЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ON-LINE КОНФЕРЕНЦИЯ

ОМБЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ON-LINE КОНФЕРЕНЦИЯ

2018 жылдың 16 мамырында «Экология және бағалау» кафедрасы Омбы мемлекеттік техникалық университетімен «Экологиялық қауіпсіздік» он-лайн конференциясын өткізілді. Конференцияға «Экология» мамандығының 1-3 курс студенттері қатысты. Жобалар қорғағандар: 2 курс студенті Әуезхан С., 3-ші курс студенті Оралбек Ж., Әуез Y, Вьюхина А. Конференция Қазақстан мен Ресейдің өзекті экологиялық проблемаларын талқылады.

Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінде өткен ІІІ «Өз ісі» дәстүрлі конкурсының финалдық нәтежесі

Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінде өткен ІІІ «Өз ісі» дәстүрлі конкурсының финалдық нәтежесі

Шымкент қаласында «Мирас» университетінде 11 мамыр 2018 жылы жоғары оқу орындарының студенттер мен магистранттарының арасында ІІІ дәстүрлі «Өз ісі» конкурсы өтті.
Конкурсқа Алматы қаласынан «КИМЭП», «Тұран» университеті, Тараз қаласынан Х.Дулати атындағы ТарМУ, Шымкент қаласынан «Мирас» университеттерінің студентері қатысты. Сонымен қатар Қарағанды облысының Қарағанды экономикалық университетінің студенттері Иристаев Низамиддин «Использование краудсорсинга для реализации социально-значимых проектов», Сергебаева Айгерим «Dressing-room 3D» және Cashless Store» Омаров Айбар өз жобаларын ұсынды.
Оңтүстік Қазақстан облысының «Атамекен» кәсіпкерлер ұлттық палата атынан болған құзыретті қазылар алқасы, 15 жобалардың арасынан экономика және басқару факультетінің студенті Омаров Айбар 2-ші орынды ұсынды.
Жеңісімен қуттықтап, одан әрі табыс тілейміз.

Жұмыс берушілердің қатысуымен өткен дөңгелек стол

Жұмыс берушілердің қатысуымен өткен дөңгелек стол2018 жылдың 11 мамыр күні «Экономикалық теория және МЖБ» және «Халықаралық экономика және халықаралық қатынастар» кафедраларының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік жергілікті басқару» және «Халықаралық экономика», «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттерін кәсіби дайындаудағы өзекті мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек стол жұмысына Қарағанды қ. әкім аппаратының құрылыс, сәулет және жер қатынастарын үлестіру бөлімі; АҚ «Қазақстанның Құрылысжинақбанкі» бизнесті дамыту бөлімі; «Қарағанды қ. Қазыбек би ауданы әкімінің аппараты» ММ; «Қарағанды облысының жер қатынастары басқармасы» ММ және т.б.
Дөңгелек столдың негізгі масаттары мен міндеттері: заманауи кезеңде еңбек нарығының жағдайы мен дамуы бойынша ақпарат алуда студенттердің жұмыс берушілермен кездесуін қамтамасыз ету.
Іс-шара қорытындысы бойынша дөңгелек столда талықыланған сұрақтар бойынша ұсыныстар қабылданды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus