«МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТ МҰРАТЫ»

«МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТ МҰРАТЫ»Айтыс – ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы, қазақ халқының ғасырлардан үзілмей жеткен рухани асыл қазынасы. Тәуелсіздік таңының атуымен ұлттық өнеріміздің биік шыңы айтыс өнері де қайта жаңғырды.
23-сәуір күні Студенттердің мәдениет сарайында Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен «Мәңгілік ел – ұлт мұраты» атты студенттер арасында облыстық ақындар айтысы өтті. Айтыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жастар жылының» аясында өткізілді. Белгілі ақын Ә.Тәжібаевтың 110-жылдығына арналды. Өнер бәйгесіне қатысқан 8 ақын, тақырыпты кең ауқымда жырлап қана қоймай, келген көрерменге мазмұнды әрі әзіл-қалжыңға толы айтыс тарту етті. Іс-шара барысында ұлттық өнер түрлері насихатталып, әуелеген ән мен қоңыр күй, мың бұралған би де болды. Айтысқа облыс, республика көлеміне танымал ақын-журналистер Е.Мұсабеков, І.Мұқай, Қ.Иманбековтер қазылық етті. Жыр додасының қорытындысы бойынша жүлделі 1-орынға Қамиев Ұланғасыр (ҚЭУ), 2-орынға Ботпаев Доскей (ҚарМТУ), 3-орынға Тілеубек Жанарыс, Ерғалиев Әлихан (екеуі де Теміртау қаласы) ие болды. Облыс көлеміндегі ауқымды іс-шара туралы облыстық БАҚ жарияланатын болады.

 

«МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТ МҰРАТЫ» «МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТ МҰРАТЫ» «МӘҢГІЛІК ЕЛ – ҰЛТ МҰРАТЫ»

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus