«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ 2017, 2018, 2019 ЖЖ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ДАРЫНДЫ ТҮЛЕКТЕРІН «ЖАС ӨРКЕН» РОТАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ.

«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ 2017, 2018, 2019 ЖЖ. ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНЫҢ ДАРЫНДЫ ТҮЛЕКТЕРІН «ЖАС ӨРКЕН» РОТАЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАДЫ.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттерін «Самұрық-Қазына» Қоры компаниялар тобында Ротациялау бағдарламасына қатысуға шақырамыз.
Біз Қазақстанның барлық аймақтарынан түлектерді ең талантты 30 студенттің командасын құруға барынша тартуға мүдделіміз. 2017, 2018, 2019 түлектерін (бакалавриат, магистратура) Қазақстан Республикасының ең үздік ұлттық компанияларында кәсіпқой болуды және өз мансабын бастауға тілектеспіз.
«Жас Өркен» бағдарламасы аясында білім беру қызметі «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің базасында жүргізілетін болады. Бағдарламаның міндетті компоненті компанияларының топ-менеджерлерінің басшылығымен Қор компанияларының бөлімшелерінде 2 жыл ішінде бес айлық ротация болып табылады. Конкурстың жеңімпаздарына ай сайынғы жалақы төленеді, ротация орнына және тұру орнына ақы төленеді.
Қатысушыларға қойылатын талаптар және Конкурстың шарттары туралы толығырақ http://www.zhasorken.skcu.kz/ сайтында танысуға болады.
2018 жылы қызығушылық танытқан барлық түлектерден «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінің өкілдерінің презентациясы үшін осы сілтеме бойынша тіркелуді өтінеміз (https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSe-UAPIDG3WcoOz7dod1D8wJ0DelQJ41e48miZzh6ySDuoZcg/viewform?usp=pp_url) ол 13 қарашада сағат 15: 00-де Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде өтеді.

Құрметпен, Ақерке Рысбек

К. Охридский атындағы София университетінің профессоры (Болгария) Желю Владимирова

2018 жылдың 10 қыркүйегі мен 5 қазан аралығында Қарағанды экономикалық университетінің «Туризм» және «Мейрамханалық ісі» мамандықтарының студенттері үшін К. Охридский атындағы София университетінің PhD, профессоры Желю Владимиров «Туризм және қонақ үй ісі саласындағы инновациялар» (Болгария) тақырыбында дәріс оқиды.

ENACTUS KEUK командасының «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысуы!

ENACTUS KEUK командасының «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысуы!

ENACTUS KEUK командасының қатысушылары - Болсынов Жалғасхан, Райымханова Зарина, Жолдыбай Алтынай, Оразбекова Алина 2018 жылдың 17-22 тамызы аралығында бастап «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагеріне қатысты. ENACTUS KEUK студенттері «Enactus Eurasia Summer Camp 2018» жазғы лагері аясындағы кәсіпкерлік, қаржылық сауаттылық, жобаларды басқару, бизнес-инновациялар бойынша оқу оқуға мүмкіндік алды. Осы іс-шараның 10 ұйымдастырушысының бірі біздің команданың капитаны Ю-42 тобының студенті, Болсынов Жалғасхан болды. Жазғы лагерге Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан және Әзірбайжаннан 200-ден аса белсенді студенттер қатысты. Командамыздың атынан Enactus Kazakhstan-ға ірі іс-шараны жақсы ұйымдастырғаны үшін, сондай-ақ Директорлар кеңесінің мүшесі және Enactus Reading club жетекшісі Азамат Утеновке конкурстарға қатысуға мүмкіндік бергені үшін алғысымызды білдіреміз. Лагерге қатысу үшін 3 грант ұтып алдық, осыған байланысты біздің студенттеріміз бұл іс-шараға тегін қатысты. Және, әрине, КЭУК ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессор Аймағамбетов Ерқара Балқараұлын, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, стратегиялық және инновациялық даму бойынша, экономика ғылымдарының докторы, профессор Накипова Гульмира Ермековнаны және «Enactus-KEUК» халықаралық бағдарламасының эдвайзері экономика ғылымдарының докторы, профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевнаны осындай іс-шараларға қатысу мүмкіндік бергендері үшін алғыс білдіреміз.

 

«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ: ЖАҢА МҮДДЕЛЕР, ҚОЗҒАЛУ ВЕКТОРЛАРЫ, ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ»

«ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ: ЖАҢА МҮДДЕЛЕР, ҚОЗҒАЛУ ВЕКТОРЛАРЫ, ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ»

2018 жылдың 18-19 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің базасында ҚР ҰКП Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасы мен «Кооперация» Желілік университетінің қолдауы жағдайында қазақстандық және шет елдік зерттеушілердің қатысуымен: «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ҚОҒАМ: ЖАҢА МҮДДЕЛЕР, ҚОЗҒАЛУ ВЕКТОРЛАРЫ, ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ».

Конференция бағдарламасында сондай-ақ келесі арнайы ғылыми іс-шаралар көзделген:
1. «Жол-көлік оқиғаларының және құқық бұзушылықтардың алдын алудың ұйымдық, құқықтық, экономикалық, техникалық және басқа да аспектілері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік on-line конференция»
2. «Төртінші өнеркәсіптік революция: жас ғалымдардың үлесі» атты Жоғары оқу орындары аралық жастар форумы.

Анадолу университетінің (Түркия) халықаралық қатынастар факультетінің PhD, профессоры Неджат Доганның дәрісі

Анадолу университетінің (Түркия) халықаралық қатынастар факультетінің PhD, профессоры Неджат Доганның дәрісі

2018 жылдың 3-28 қыркүйегі аралығында Анадолу Университетінің (Түркия) Халықаралық қатынастар факультетінің PhD, профессоры Неджат Доган Қарағанды экономикалық университетінің «Халықаралық қатынастар» және «Әлемдік экономика» мамандықтарының студенттеріне «Халықаралық қатынастарға кіріспе» тақырыбында қонақ дәрістерін өткізеді.

Бухарест экономикалық ғылымдар университетінен (Румыния) шақырылған профессорының қонақ дәрісі

Бухарест экономикалық ғылымдар университетінен (Румыния) шақырылған профессорының қонақ дәрісі

2018 жылдың қыркүйек-қазан айларында Бухарест Экономикалық Университеті (Румыния) халықаралық бизнес және экономика факультетінің доценті, PhD профессоры Роксана Войку-Доробанку Қарағанды экономикалық университетінің «Халықаралық қатынастар» және «Әлемдік экономика» мамандықтарының студенттеріне «Халықаралық келіссөздер» тақырыбында дәріс оқитын болады.

Академиялық күнтізбе

Магистратура мен докторантураға түсушілердің назарына!

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті біздің ЖОО-на мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша магистрлерді даярлауға 52 орын көлемінде магистратураның 12 мамандығы бойынша: «Құқықтану», «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Мемлекеттік және жерглікті басқару», «Маркетинг», «Ақпараттық жүйелер», «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Стандарттау және сертификаттау», «Туризм», «Бағалау», сондай-ақ докторантураның 3 мамандығы бойынша: «Экономика», «Менеджмент», «Мемлекеттік және жерглікті басқару» 14 орын бөлінгенін хабарлайды.
Магистратура мен докторантураға құжаттарды қабылдау 2018 жылдың 31 шілдесіне дейін жүргізіледі.
Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлері бойынша 44-15-88, 44-16-24, 44-16-34 (қос. 199) хабарласуға болады.
Біздің мекен-жайымыз: 100009, Қарағанды қаласы, Академическая, 9 көшесі, 264 кабинет. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті.

Милан-Бикокка университеті(Италия) профессорының сапары

Милан-Бикокка университеті(Италия) профессорының сапарыҚазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде Милан-Бикокка (Италия) университетінің ассоц. профессоры, Компьютерлік ғылымдар, жүйелер және коммуникациялар департаментіндегі (DISCo) Bis-Lab ақпараттық қауіпсіздік лабораториясының негізін қалаушылардың бірі, компьютерлік ғылымдар саласындағы PhD Альберто Оттавио Лепорати болып қайтты.
Сапар барысында шет елдік мейман университет ректорымен кездесті, университеттің қызметі мен материалды-техникалық базасымен, соның ішінде Қашықтықтан оқыту орталығы мен Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасының лабораторияларымен, Студенттерге қызмет көрсету орталығымен танысты. ІТ саласының қазіргі жағдайы мен даму перспективалары, ІТ-мамандар даярлау сұрақтары мен болашақта бірігіп атқарылатын іс-шаралар бойынша Ақпараттық-есептеу жүйелері кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен ақпараттық қауіпсіздік лабораториясын құру бойынша жұмыс тобының қатысуымен отырыстар өткізілді.

Талапкерлердің назарына !

Талапкерлердің назарына !Мемлекеттік білім гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау мерзімі 2018 жылдың 28-ші шілдесіне дейін ұзартылды. Қарағанды экономикалық университетінің қабылдау комиссиясы: Қарағанды қаласы, Академическая көшесі, 9. Телефондар 8(7212) 44-15-72, 44-15-68

ҚҚЭУдің Түркі халықтарының халықаралық фестиваліне қатысуы

ҚҚЭУдің Түркі халықтарының халықаралық фестиваліне қатысуы2018 жылдың 30 маусымында Қарағанды экономикалық университетінің Этнографиялық сән театры Астана қаласында өткен «Kөшпенділер әлемі» атты түркі халықтарының бірінші халықаралық фестиваліне қатысты. «Kөшпенділер әлемі» дәстүр, тарих, бірлік пен көшпелі мұра рухын сақтауда маңызды рөл атқарады. Фестивальға көшпенділердің бірегей мәдениетін көрсетуге Венгрия, Болгария, Қырғызстан, Башқұртстан, Түркия мен Қазақстан топтары келді. Қыздарымыздың ерекше және әсем бейнелері әртүрлі елдерден келген қатысушыларға, БАҚ, «Qazaq Geography» және «Kazakh Tourism» ұйымдарына, фестиваль қонақтары мен іс-шара ұйымдастырушыларына керемет әсер қалдырды. Қазақстандық БАҚ біздің костюмдеріміз туралы «Қазақстандық сұлулардың қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып ұлттық түс элементтерімен әзірлеген дизайнерлік көйлектері сол уақыттың рухын жеткізе алды», - деп жазады. Таңқалған шетелдік және қазақстандық қонақтар әр киімнің дизайны мен тарихына қызығушылық танытты және суретке түсу мүмкіндігін жіберіп алмауға тырысты.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus