Оқу конференциясы

Оқу конференциясыЖ. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»: «Тәуелсіздік жылнамалары» кітабын талқылау бойынша оқу-конференциясы ұйымдастырылды.

Жұмысқа орналу дағдылары бойынша семинар – тренинг

Жұмысқа орналу дағдылары бойынша семинар – тренингҚЭУ түлектрі үшін Стратегиялық даму департаменті 2018 жылдың 17-18 қазанында жұмысқа орналасу дағдылары бойынша семинар-тренинг ұйымдастырылды. Аталған семинарды «Рухани жаңғыру» аудандық кеңсесі «Атамекен» бағдарламасының жетекшісі психологиялық ғылымдар кандидаты Н.В.Красникова жүргізді. Тренинг бағдарламасында жұмыс іздеу алгоритмі, жұмыс берушімен сәтті келіссөздер жүргізу дағдылары, тиімді резюме жасау және кәсіби өзін-өзі анықтау үшін мүмкіндіктерді қамтыды.

№1 жатақханада «Туған күн»

№1 жатақханада «Туған күн»2018 жылдың 15 қазанында №1 жатақханада «Туризм және меймейрамхана ісі» кафедрасының оқытушылары «Туған күн» атты іс-шара өткізді. Оқытушылар студенттермен бірге туылған күн иесін, РД-11к тобының студенті Авазхан Сымбатты құттықтады. Туған күнді тойлау достық атмосферада өтіп, студенттер атынан шағын сыйлық ұсынылды.

«Good Zone» коворкинг-орталығын таныстыру

«Good Zone» коворкинг-орталығын таныстыру2018 жылдың 12 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Достық» Коворкинг орталығынының ұйымдастыруы арқылы «Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы» ҚБ өкілдерінің қатысуымен кездесу өтті. Кездесу барысында «Good Zone» коворкинг-орталығының таныстырылымы өтті. Орталық келесі салалар бойынша көмек көрсетуді көздейді: заңгерлік қолдау, ақпараттық кеңестер, семинарлар, өзін-өзі дамыту және өмір сапасын жақсарту, идеяларды талқылау және оларды шындыққа айналдыру, маркетингке көмектесу.Сонымен қатар, кездесу барысында «Сарыарқа» ӘКК өкілдері өздерінің қызметі және студенттік ғылыми қоғаммен әріптестігі туралы ақпарат беріп кетті. Кездесудің соңында қатысушылар жиналыс ұйымдастырушыларына сұрақтар қойды. Кездесу барлық мүдделі тараптар үшін өте қызықты және жемісті өтті.

Абай ауданындағы ауылдық мектептері түлектеріне арнайы ұйымдастырылған кәсіби бағдарлық іс-шарасы.

Абай ауданындағы ауылдық мектептері түлектеріне арнайы ұйымдастырылған кәсіби бағдарлық іс-шарасы.

2018 жылдың 12 қазанында ЕҚФ деканы Серікова Г.С., ЭБФ тәрбие-ісі деканының орынбасары Юсупов М.Т., «Банктік мендежменті және қаржылық нарықтары» кафедрасы оқытушысы Исанов А.С. және студент-волонтерлар Абай қаласында ауылдық мектеп түлектері үшін кәсіби бағдарлық іс-шарасын өткізді. Аталмыш іс-шараға қатысқан алыс мекендегі ауылдардың (Южный, Құлайғыр, Топар және т.б. ауылдар) түлектері алыстығына қарамастан, Абай аудандық білім бөлімі басқармасының күшімен, аталмыш іс-шараға қатысуға мүмкіндігіне ие болды.
Кәсіби бағдарлық іс-шараны өткізу барысында мектеп түлектеріне ҚҚЭУ мен БҚЭК жайлы бейне ролигі және презентациялары ұсынылды. Сонымен қатар түлектер анкеталар толтырды. Іс-шараны өткізу барысында бітіруші түлектер белсенділік танытып, маңызды сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды.
Өткізілген кәсібибағдарлық іс-шараның нәтижесі ретінде түлектердің тарапынан ҚҚЭУ қабырғасында экскурсияға және сынақ ҰБТ тапсыруына қазан-қараша айларында келуге қызығушылық танытты.

 

Жұмыспен қамтамасыздандыру бойынша студенттермен кездесу

Жұмыспен қамтамасыздандыру бойынша студенттермен кездесу

Қарағанды қаласының тұрғындарды еңбекпен қамту Орталығының өкілі Жакипбекова А.М., 2018 жылдың 10 қазанында соңғы курс студентерімен, жастар тәжірибесін ұйымдастыру және өту сұрақтары бойынша кездесу өткізді. Жастар тәжірибесі білім мамандығы бойынша (мамандықта) бастапқы жұмыс тәжірибесін алу үшін білім беру ұйымдарының түлектері үшін ұйымдастырылады.
29 жастан аспаған жұмыссыздар оқуды бітіргеннен кейін 3 жыл ішінде жастар тәжірибесіне жіберіледі. Жастар тәжірибесінің ұзақтылығы 6 айға дейін. Еңбек ақысы ай сайын төленеді. Жастар тәжірибесіне қатысу үшін жұмысссыздар еңбекпен қамту орталығына:
1) өтініш;
2) жеке куәлік көшірмесін;
3) еңбек кітапшасының көшірмесін (болса);
4) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат көшірмесін тапсырады.

 

С. Сейфуллиннің 125 - жылдық мерей тойы

С. Сейфуллиннің 125 - жылдық мерей тойыЕлбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру аясында жазушылар одағының негізін қалаушы, қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, мемлекеттік қайраткері Сәкен Сейфуллиннің 125 - жылдық мерей тойына орай танымдылық сағаты өтті.
Студенттерді Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармаларымен таныстырды. «Жазушыдан революционерге дейін» атты басты еңбектері қойылған кітап көрмесі жабдықталды. «Лира» әдеби клубының қатысушылары ақынның өлеңдерін оқып, шығармаларынан үзінділер көрсетті.
Сәкен Сейфуллин өмірінің соңына дейін Қазақстан жазушылар Одағының негізін қалаған жетекшісі болып өтті. Қазақ жазушыларының арасынан ең алғашқылардың бірі болып Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталды. Оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Болашақ ұрпақ осындай Ұлы тұлғаларымыздың еңбектерімен танысып, мақтан тұтуға міндетті.

Стара Загора қаласының Тракия университетінің (Болгария) Генчто Вълчев доцентінің дәрістері

Стара Загора қаласының Тракия университетінің (Болгария) Генчто Вълчев доцентінің дәрістері2018 жылдың 8 қазан мен 2 қараша аралығында Қарағанды экономикалық университетінің «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқықтану» мамандықтарының студенттері үшін Стара Загора қаласының Тракия университетінің (Болгария) Генчо Вълчев PhD, доценті «Жеке тұлғаның әлеуметтік жұмыс істеуінің коммуникативтік аспектілері және негізгі кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру» тақырыбында дәріс оқиды.

Бірінші курс студенттерімен кездесу

Бірінші курс студенттерімен кездесуБіздің университетіміздің оқытушылары білім беру процесін ұйымдастыруда жатақханаларда тұратын студенттермен жұмыс істеуге үлкен көңіл бөледі. Сонымен, «Жалпы құқық және арнайы пәндер» кафедрасының аға оқытушысы Адильбекова К.К. бірінші курс студенттерімен кездесу өткізіп, олармен патриоттық және этносаралық қарым-қатынас мәдениетін талқылады. Пікірталас барысында пікір алмасу ғана емес, сонымен бірге студенттердің бір-бірімен жақынырақ өзара қарым-қатынаста болуы, студенттер бір-бірімен жақсы танысып, достық қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беріледі.

Ректор кубогы үшін «Алтын күз» күзгі кроссы

Ректор кубогы үшін «Алтын күз» күзгі кроссы2018 жылдың қыркүйектің 21-ші күні Қарағанды экономикалық университетінде Ректор Кубогына арналған «Алтын күз» күздік кроссы өткізілді.
Бұл күні 100-ден астам университет және колледж студенттері 500 және 1000 метрлік жеңіл атлетиткалық жүгіруден жарысты.
Қорытындылар:
Жеке есепте (қыздар):
I орын – Лисичкина Варвара
II орын – Шаязданова Дана
III орын – Катаева Виктория
Жеке есепте (ұлдар):
I орын – Бондарь Андрей
II орын – Әбдір Жарас
III орын – Алимхан Еламан
Командалық есепте (қыздар):
I орын –Экономика, бизнес және құқық колледжі
II орын –Экономика және басқару факультеті
III орын – Бизнес және құқық факультеті
Командалық есепте (ұлдар):
I орын – Бизнес және құқық факультеті
II орын – Экономика, бизнес және құқық колледжі
III орын – Есеп-қаржы факультеті

«Magnum Cash & Carry» аумағында сабақтар

«Magnum Cash & Carry» аумағында сабақтар

"Маркетинг және логистика" кафедрасының оқытушылары Лесов Д. Д. және Томашинова А. Е. есеп-қаржы факультетінің Лог–42, Лог–43, МК–42 топтарының студенттерімен "Magnum Cash & Carry" аумағында көшпелі сабақ өткізді.
"Magnum Cash & Carry" әкімшілігі тауардың сөрелерге қалай жеткізілетінін, оны қайда және қалай сақтайтынын көрсетті. Студенттер коммерциялық логистика, тарату логистикасы және мерчендайзинг негіздері саласында өздерінің теориялық білімдерін толықтыра алды.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus