ҚЭУ студенттері «IT-WEEK.KZ-2019» хакатонында екінші орын алды

ҚЭУ студенттері «IT-WEEK.KZ-2019» хакатонында екінші орын алды

2019 жылдың 24-27 қыркүйек аралығында, «Рухани Жағыру» бағдарламасы аясында С.Сапиев атындағы Бокс орталығында «IT-WEEK.KZ-2019» халықаралық форумы өткізілді.

Іс-шараны «Алтын қазына» қоғамдық бірлестігі, Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы және Қарағанды облысының цифрландыру басқармасы ұйымдастырды.

Бұл форумның мақсаты Қарағанды облысының цифрлық қоғамдастығын дамыту және қалыптастыру, облыстың IT саласындағы кадрлық мәселелерді шешуге ықпал ету, азаматтарды билік органдарымен электрондық өзара әрекеттесудің мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және аймақтың тұрғындары мен ұйымдары арасында ақпараттық технологияларды дамыту болып табылды.

Форум бағдарламасына отандық және шетелдік IT-компаниялардың өкілдерінен шеберлік сабақтары, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі және цифрлық технологиялар көрмесі кірді. Негізгі оқиға 48 сағатқа созылған хакатон болды. Оған отыз команда қатысты, олардың құрамына студенттер мен жас мамандар кірді.

Жиынтық құрамадағы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттері екінші орынға ие болып, 300 мың теңге көлемінде сыйлық алды. Олар «Таза қала» қосымшасын жасады. Бұл пайдаланушыларға рұқсат етілмеген қоқыс орындарынан фотосуреттерді қаланы тазартуға жауапты уәкілетті органға жіберуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарлама сынақтан өтті және пайдалануға дайын.

ҚЭУ студенттері «IT-WEEK.KZ-2019» хакатонында екінші орын алдыҚЭУ студенттері «IT-WEEK.KZ-2019» хакатонында екінші орын алдыҚЭУ студенттері «IT-WEEK.KZ-2019» хакатонында екінші орын алды

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus