Біз туралы

КСРО Министрлер Кеңесінің шешімімен және КСРО Центросоюз Басқармасының Қаулысымен 1966 жылы, өз республикасы үшін ғана емес, сонымен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Түркменстан, Тәжікстан, Қазақстанға шектесетін Ресей облыстары үшін тұтыну кооперациялары жүйесіне кадрлар даярлау миссиясы жүктелген мамандандырылған жоғары оқу орны – Центросоюздың Қарағанды кооператив институты құрылған болатын.

Қазақстан Республикасындағы Қазақ тұтынушылар қоғамы Одағында жоғары білімді мамандар даярлау туралы идеяны Қазақ КСР Министрлер Кеңесі қолдады. КСРО Министрлер Кеңесі 1966 жылғы 21 наурыздағы № 125 Қаулысымен және КСРО Центросоюз Басқармасы 1966 жылғы 9 маусымдағы № 84 Қаулысымен Қарағанды кооператив институтын ашу туралы шешім қабылдап, ол Республика Министрлер Кеңесі Қазақ тұтыну одағына өтеусіз берген (Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1966 жылғы 29 сәуірдегі № 679-р Өкімі) Қазақстан компартиясы облыстық комитеті ғимаратының қатарындағы, Қарағанды қаласының орталығында орналасқан Қазақстан компартиясы ОК кеңес-партия мектебінің бес қабатты оқу корпусының базасында өз қызметін бастады.

Институт іс жүзінде 1966 жылғы маусым айының екінші жартысынан бастап жұмыс істей бастады. Тәжірибелі шаруашылық ұйымдастырушысы – Қарағанды облыстық сауда басқармасының бастығы, Ұлы отан соғысының ардагері Павел Филлипович Котляров институт ректоры болып тағайындалды.

КСРО Центросоюздың Қарағанды кооператив институты алдына келесідей міндеттер қойылды. Бірнеше республикалар үшін тұтыну кооперациялары жүйелеріне жоғары білікті мамандар даярлаудан өзге, бұл – ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау; тұтыну кооперацияларында жұмыс жасайтын жоғары білімі бар тәжірибелі қызметкерлерді қайта даярлау, сондай-ақ Қазақстанның, Қырғызстаннның кооперативтік жоғары оқу орындары оқытушыларының біліктілігін арттыру, Ресейдің шекаралас жатқан облыстарының тұтыну кооперациялары жүйесіндегі мамандар даярлау сапасын арттырумен байланысты проблемаларды зерттеу және т.б. міндеттер болатын.

Институттың оқу корпусы 1966 жылы 18140м жалпы және 3223м пайдалы алаңға орналасты, жоғары оқу орнында 450 адамға арналған акт зал, 150 адамдық екі лекция залы, 22 оқу аудиториялары жұмыс жасады. Институттың аудитория қоры бір ауысымда оқуға мүмкіндік берді.

Қарағанды кооператив институты КСРО Центросоюз құрамында болған кезеңде, мамандар даярлау негізінен үш мамандық: «бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті бақылау және талдау», «қаржы және несие», «экономика және саудадағы және қоғамдық тамақтандырудағы басқару» бойынша жүргізілді, кейінірек тағы екі мамандық: «азық-түлік емес тауарлардың тауартануы» және «Азық-түлік өнімдерінің тауартануы» қосылды. Институтты бітірген түлектер, негізінен, мақсатты түрде Қазақстанның, Тәжікстанның, Түркменияның, Қырғызстанның және Ресейдің тұтыну кооперациялары ұйымдары мен кәсіпорындарына жіберілді. КСРО Үкіметінің тапсырысы бойынша институтты аяқтаған түлектердің шағын бөлігіне жоспар бойынша аса маңызды объектілерге (БАМ-ның сауда ұйымдарына, Ресейдің қаратопырақты емес аймақтарына, Краснодар өлкелік тұтыну одағына) жолдама берілді. Осы уақыт ішінде университет қабырғасынан 20 мыңға жуық мамандар қанаттанып түлеп ұшты.

1991 жылы Кеңестер Одағы құлағаннан кейін, КСРО Центросоюз Басқармасы Қазтұтынуодағы Басқармасының өтінішін қарап, 24.05.1991 жылғы № 98 өзінің қаулысымен Қарағанды кооператив институтын Қазтұтынуодағына берді. Қазақ КСР тұтыну Қоғамдары Одағының Басқармасы 21.06.1991 жылғы № 226 Қаулысымен, шарттық негізде өзге Одақтық Республикалардың тұтыну кооперациялары үшін кадрлар даярлау жөніндегі міндеттемелерді сақтай отырып, институтты қаржыландыруды өзіне алды.

09.07.1991 жылғы № 245 Қазтұтынуодағы Басқармасының Қаулысымен Қарағанды кооператив институты Қазтұтынуодағы тұтыну кооперациясы институты болып атын өзгертіп, егеменді Қазақстанның қажеттері үшін оқытудың күндізгі және сырттай бөлімдерінде жас мамандар даярлай бастады. Мамандықтарды қайталауды жою және оларды әлемдік тәжірибемен және Қазақстан Республикасының қажеттіліктерімен сәйкестікке келтіру мақсатында, Институттың Ғылыми Кеңесінің шешімімен, сегіз мамандықтан, тағы үш мамандық: – «халықаралық экономикалық қатынастар», «Маркетинг және коммерция», «Экономика және инфрақұрылымдағы басқару» енгізілген тізбе бекітілді.

1993 жылы ЖОО Қазтұтынуодағының басқаруына берілді және Қазақ тұтыну кооперациясы институты болып құрылды. Ал, 1995 жылы мемлекеттік аттестациядан өткеннен кейін және оның ұсынымы бойынша 1997 жылғы 5 шілдедегі Қазтұтынуодағы Басқармасының Қаулысымен ол Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті (ҚҚЭУ) болып құрылды.

Университеттің саясаты:

  • Білім беру қызметін алушылар тарапынан, сол сияқты кооперативтік әлем мен мемлекет тарапынан университеттің имиджін жақсарту және қолдау бойынша тұрақты жұмыс жасау;
  • ИСО 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес, бүкіл университеттік үдерістерді тұрақты жақсарту;
  • Инновацияларды, оның ішінде оқытудың инновациялық технологияларын енгізу;
  • Жоғары ақпараттық-коммуникативтік мәдениет қалыптастыру;
  • Қазақстанның мәдени мұраларын оқып-үйрену.

ҚҚЭУ-дің бет-бейнесін айқындайтын белгілер – оның инновациялық қызметі, дамудың озық сипаты.

Университет құрамына 5 факультет: есеп-қаржы, бизнес және құқық, экономика және басқару және екі сырттай-қашықтықтан оқытатын факультет; экономика, бизнес және құқық колледжі; оқу теледидар орталығы; компьютер орталығы; оқытудың инновациялық әдістері зертханасы; ғылыми-білім беру орталығы; қызметкерлерді басқару департаменті; оқу процесін жоспарлау, ұйымдастыру, мониторингі және бақылау департаменті; жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті; сапа және маркетинг орталығы; баспа орталығы; университет мұражайы, кітапхана, ақпараттық-білім беру орталығы кіреді.

Университеттің 17 кафедрасында 400-ден аса адам жұмыс жасайды, солардың 22-і профессорлар, ғылым докторлары және 168-і ғылым кандидаттары мен доценттер. Бізде күндізгі бөлімде 3500 студент, сырттай-қашықтықтан оқыту бөлімінде 5 мыңға жуық студент оқиды.

ҚҚЭУ 2006 жылғы қыркүйекте университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойған, Magna Charta Universitatum мүшесі болып саналады. Университет 2008 жылы университеттердің Халықаралық қауымдастығына (international Association of University) кірді.

ҚҚЭУ сертификацияланған IQNet сапа менеджменті жүйесінің иегері.

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті, нарықтық қатынастар, менеджмент және маркетинг, бизнес және кәсіпкерлік, бухгалтерлік есеп және аудит, халықаралық экономикалық қатынастар, экономикалық қызметті құқықтық реттеу, кеден ісі экономикасы салалары бойынша мамандар даярлайтын мамандандырылған экономикалық жоғары оқу орны болып саналады.

Университетте көпдеңгейлі білім беру жүйесі: жоғары оқу орнына дейінгі – кәсіптік лицей – экономика, бизнес және құқық колледжі; ЖОО бакалавры; жоғары оқу орнынан кейінгі – магистратура, аспирантура, докторлық және кандидаттық диссертациялар қорғау жөніндегі Кеңес жұмыс жасайды.

2007-2008 жылдары 25 монография, 106 бірлік оқулықтар мен оқу құралдары, Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің грифімен 3 оқулық баспадан шықты.

«Экономикалық теория», «Қаржы, несие және ақша айналысы» және «Экономика және халық шаруашылығын басқару» үш мамандық бойынша аспирантура және докторантура бар. 2005 жылдан 08.00.01 «Экономикалық теория», 08.00.05 «Экономика және халық шаруашылығын басқару (салалары мен ауқымдарында)», 08.00.10 «Қаржы, несие және ақша айналысы» мамандықтары бойынша докторлық диссертациялық кеңес жұмыс жасайды. Кеңес жұмыс жасаған 5 жыл ішінде университеттің аспиранттары мен ізденушілері 52 диссертация қорғады. Оның жұмысына ТМД елдерінің Мәскеу, Новосибирск, Полтава және Самарқанд экономикалық жоғары оқу орындарынан бірқатар ғылымдар қатысады.

Университетте Қазақстанның, Ресейдің, Украйнаның, Өзбекстанның, Белоруссияның ғылымдарын шақыра отырып, халықаралық ғылыми конференциялар үнемі өткізіліп тұрады.

Ғылыми журнал «ҚЭУ хабаршысы» шығады.

ҚҚЭУ қазіргі уақытта қашықтықтан оқытудың кейстік және желілік технологияларын енгізді, гуманитарлық мамандықтарға кредиттік және қашықтықтан оқыту технологияларын енгізу бойынша Қазақстанда көшбасшы болып саналады (2008 жылғы 22 шілдедегі № 441 ҚР БҒМ бұйрығы) және ҚР БҒМ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруді дамытудың базалық ұйымдарының Тізбесіне енгізілген.

ҚҚЭУ ТМД-ның және әлемнің жетекші оқу орындарымен, оның ішінде Халықтар достығы Ресей университетімен (Мәскеу қаласы, Ресей), Мемлекеттік университет – Жоғары экономика мектебімен (Мәскеу қаласы, Ресей), Сент-Джон университетімен (Нью-Йорк қаласы, АҚШ), Регенсбург университетімен (Германия), Тренто университетімен (Италия) және т.б. ынтымақтастық туралы 26 шарт жасады.

Университетте оқыту сапасына кепілдікті қамтамасыз ету бойынша, «Сыртқы сауда және эконометрика теориясы бойынша жаңа оқу бағдарламаларын жасау», «ЖОО – Кәсіпкерлік», «Білім беру және кәсіпшілік» жобасы бойынша, ТАСИС және ТЕМПУС төрт халықаралық гранттар бойынша жұмыстар жүргізілуде. Халықаралық грант шеңберінде Қарағанды облысы жұмыс берушілерінің аймақтық семинар-тренингі өткізілді.

Президенттік «Болашақ» бағдарламасы бойынша университеттің 5 студенті шетелде оқиды, үш оқытушы «Жылдың үздік оқытушысы» титулының иегерлері болып саналады, 6 студент Қазақстан Президентінің атаулы стипендиясын алады. Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз Қазақстан агенттігі (НКАОКО) жүргізген рейтингке сәйкес, біздің университет Қазақстанның 60 жетекші жоғары оқу орындарының қатарына кіреді және 16-шы орын, ал гуманитарлық-экономикалық бағыт бойынша – 4-ші орын алды.

ҚҚЭУ-де электронды-инновациялық университет моделі жасалған. Электронды университет бірмезгілде қашықтықтан оқытатын ЖОО болып саналады.

Қазіргі уақытта университет келесі іс-шараларды атқаруда:

  1. «Электронды университет құру» мегажобасын аяқтау;
  2. Қарағанды облысы бойынша Салық комитетімен бірлесе отырып, оқу-инновациялық кешен «Электронды салық комитетін» құру;
  3. Виртуальды кәсіпорын (қазақша және орысша нұсқасы);
  4. Ақпараттық – білім беру орталығы;
  5. Экономика бойынша жаңа докторлық (PhD) бағдарламалар жасау;
  6. «Екі дипломды білім беру» жобасы шеңберінде ХДРУ (РУДН) және МУ – ЖЭМ бағдарламалары бойынша магистрлер даярлау;
  7. Қашықтықтан – кредиттік оқыту технологиясын әзірлеу;
  8. Білім беру порталын жасау;
  9. Халықаралық аккредитация алу.
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus