• Blog news

Информатика бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы

Информатика бойынша облыстық олимпиаданың қорытындысы

2026 жылдың 25 ақпанында біздің университетте Қарағанды облысы білім басқармасының «Сарыарқа дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығымен бірлесіп ұйымдастырылған орта оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында информатика пәнінен облыстық олимпиада өтті.

Олимпиадаға облыстың 20-дан астам мектебі қатысты, қатысушылардың жалпы саны 148 оқушыны құрады.

Жүлделі орындар келесідей бөлінді:

Біздің студент – Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері

Біздің студент – Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері

2026 жылғы 21 ақпанда университетіміздің «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының СПД 22-2 тобының студенті Ерлан Ундасинов киокушинкай каратэ бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, жоғары бәсекелестік жағдайында университет намысын лайықты қорғап, құрметті 2-орынды иеленді.
Бұған дейін облыс чемпионатында спортшы сенімді түрде 1-орын алып, жоғары дайындық деңгейін, шеберлігі мен мақсаткерлігін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша ол дипломмен, кубокпен және медальмен марапатталды.
Жоғары нәтижелер студенттің жүйелі еңбегі, тәртіптілігі мен табандылығының заңды жемісі болды. Көрсеткен нәтижелері бойынша Ерлан қайтадан Қазақстан Республикасы құрамасының қатарына енгізілді.
Спортшының келесі маңызды кезеңі – Индонезияда өтетін Азия чемпионатына қатысу. Бұл – студент үшін де, университет үшін де маңызды жетістік.
Университет Ерлан Ундасиновты жоғары спорттық жетістіктерімен құттықтайды және оның табыстарын мақтан тұтады! Студентті жаңа жеңістерге жетелеуде қолдау көрсетіп жүрген жаттықтырушыларға, тәлімгерлерге және барлық жанашырларға шынайы алғысымызды білдіреміз.

Университетте жаңа Конституция жобасы талқыланды

Университетте жаңа Конституция жобасы талқыланды

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамның қатысуымен «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін» Жалпыұлттық коалициясы өкілдерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Кездесу мемлекет дамуының стратегиялық бағыттарын айқындауға арналды. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары — Смағұлов Б.А. және Қалықов А.К., сондай-ақ Қарағанды облыстық және қалалық мәслихат депутаттары қатысты.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері жан-жақты түсіндіріліп, басты бағыттары мен енгізілетін өзгерістеріне тоқталды. Құжатта адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы күшейтілетіні, цифрлық қауіпсіздік мәселелері мемлекеттік деңгейде нақты бекітілетіні және билік жүйесіндегі өзгерістер көрініс табатыны атап өтілді.
Спикерлер 15 наурызда өтетін референдумның ел болашағы үшін маңыздылығын ерекше атап өтіп, азаматтардың белсенді қатысуы қоғам дамуына тікелей әсер ететінін жеткізді.

«Интернет-алаяқтық: алдын алу, анықтау және жауапкершілік!»

«Интернет-алаяқтық: алдын алу, анықтау және жауапкершілік!»

2026 жылғы 20 ақпанда Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде «Интернет-алаяқтық: алдын алу және жауапкершілік» тақырыбында дөңгелек үстел сәтті өтті. Іс-шара білім алушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және жастардың цифрлық қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Талқылауға университет студенттері мен профессор-оқытушылар құрамы белсенді қатысты. Кездесу барысында интернет-алаяқтықтың өзекті схемалары, оларды анықтаудың практикалық аспектілері, сондай-ақ цифрлық ортада азаматтарды қорғау мен алдын алудың тиімді шаралары қарастырылды.

Қонақ спикерлер ретінде Қарағанды қаласы Полиция басқармасы Қарағанды облысы Полиция департаменті (ҚР ІІМ) және Б. Бейсенов атындағы ҚР ІІМ Қарағанды академиясы өкілдері сөз сөйледі:

«TM-Logistic» ЖШС базасында сабақ

«TM-Logistic» ЖШС базасында сабақ

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің 60 жылдығы және «Университет және өңір: 60 жыл бірлескен даму» іс-шаралары аясында 2026 жылғы 19 ақпанда «Логистика» және «Маркетинг» білім беру бағдарламалары студенттері үшін кафедраның көпжылдық серіктесі — «TM-Logistic» ЖШС базасында көшпелі оқу сабағы өтті.
Кәсіпорын директоры Куликов В.Н. дәріс оқып, бизнес-процестердің практикалық көрсетілімін өткізді. Ол заманауи логистикалық тәжірибелер, олардың маркетингпен өзара байланысы және клиенттік құндылықты қалыптастырудағы рөлі туралы жан-жақты баяндады.
Көшпелі сабақ Садыкова А.К. және Краснощекова Е.А. оқытушыларының жетекшілігімен өтті.
Мұндай іс-шаралар университеттің өңірдің бизнес-қауымдастығымен серіктестік байланыстарын нығайтуға, білім алушылардың практикалық құзыреттерін қалыптастыруға және болашақ мамандарды даярлау сапасын арттыруға ықпал етеді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL