«Террикон алқабы студенттерге арналған старт алаңы ретінде» тақырыбы бойынша шеберлік-сабағы

«Террикон алқабы студенттерге арналған старт алаңы ретінде» тақырыбы бойынша шеберлік-сабағы«Достық» коворкинг орталығы» технологиялық бизнес-инкубаторы мен Қарағанды Қазтұтынуодағы университетінің ҒЗИ 2023 жылдың 06 наурызында екінші және бірінші курс студенттеріне «IT-Hub Террикон алқабы» компаниясының менеджері Максим Евгеньевич Лунькомен «Террикон алқабы студенттерге арналған старт алаңы ретінде» тақырыбындағы кездесуін ұйымдастырды.
Өткізілген шеберлік-сағаты барысында Максим Евгеньевич студенттерге «IT-Hub Террикон алқабы»ұйымдастыратын түрлі іс-шараларға қалай қатыса алатынын айтты. Кездесу барысында Максим Евгеньевич IT хабта тұрақты түрде тегін: лекциялар, митаптар, кездесулер, курстар, стартаптар мен кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламалары өткізілетінін айтты. Студенттер үшін бұл пайдалы байланыс орнатуға және бизнесін дамытуға мүмкіндік береді. «IT-Hub Террикон алқабы» – бұл жаңадан бастағандар мен тәжірибелі мамандарды оқыту арқылы IT және цифрлық салалардың дамуына ықпал ететін экожүйе болып табылады.
Студенттер өте мазмұнды және қызықты өткен кездесу барысында берілген ақпараттар үшін ризашылықтарын білдірді, алдағы уақытта ынтымақтасып жұмыс істеуге тілектерін білдірді.

 

«Террикон алқабы студенттерге арналған старт алаңы ретінде» тақырыбы бойынша шеберлік-сабағы «Террикон алқабы студенттерге арналған старт алаңы ретінде» тақырыбы бойынша шеберлік-сабағы

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus