«Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбы бойынша шеберлік-сабағы

«Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбы бойынша шеберлік-сабағы2023 жылдың 20 ақпанында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің технологиялық бизнес-инкубаторы «Достық» коворкинг орталығы» және ЭҚЗ ғылыми-зерттеу институты студенттермен ЖШС «Synergy life» директорымен, ICF халықаралық SALES-тренері, Теміртау қаласы «Атамекен» ҰКП жанындағы Іскер әйелдер өңірлік кеңесінің төрағасы Марина Васильевна Шиллермен «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» тақырыбында кездесу ұйымдастырды.
Шеберлік-сағатында Марина Васильевна өзінің қарапайым кәсіпкерден ірі кәсіпорынның бас директорына дейінгі жеткен жеке тәжірибесімен және Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар шетелде алған білімімен бөлісті. Кездесу барысында кез келген болашақ кәсіпкердің өз ісін қалай құруы, инвестицияға өтінім беруге дайындалуы, инвесторлардың жобаларды қалай бағалайтынын түсіну және стартаптарындағы әлсіз жақтарды анықтау мәселелері талқыланды.
Студенттер өте мазмұнды және қызықты өткен кездесу барысында берілген ақпараттар үшін ризашылықтарын білдірді, алдағы уақытта ынтымақтасып жұмыс істеуге тілектерін білдірді.

 

«Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбы бойынша шеберлік-сабағы «Кәсіпкерлік негіздері» тақырыбы бойынша шеберлік-сабағы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus