«Demo day» жыл сайынғы стартап жобалар байқауы

«Demo day» жыл сайынғы стартап жобалар байқауы

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің "Достық "коворкинг орталығы" технологиялық бизнес инкубаторы 2022 жылдың 14 желтоқсанында жыл сайынғы "Demo Day II" инновациялық студенттік жобалар конкурсын өткізді. Университет және колледж студенттері ақпараттық технологиялар, әлеуметтік кәсіпкерлік және т. б. салалардағы өз жобаларын таныстырды.
Бизнес жобалар - идеяның жаңалығы, міндеттерді қоюдың айқындығы, маркетингтік пысықтау мен қаржы-экономикалық есептеулердің сапасы, тәуекелдерді бағалаудың негізділігі, сондай-ақ, бизнес-жоспарды дайындау үшін бағдарламалық өнімдерді пайдалану деңгейі ретіндегі қойылатын барлық талаптарға жауап берді.
Комиссия шешімінің қорытындысы бойынша "Demo Day II" жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Байқаудың барлық қатысушыларын, олардың ғылыми жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз және инновациялық жобаларды одан әрі ілгерілетуде табыс тілейміз.

 

«Demo day» жыл сайынғы стартап жобалар байқауы «Demo day» жыл сайынғы стартап жобалар байқауы
«Demo day» жыл сайынғы стартап жобалар байқауы «Demo day» жыл сайынғы стартап жобалар байқауы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus