Республика және «Ұлттық валюта - Теңге» күндеріне арналған футболдан жарысы

Республика және «Ұлттық валюта - Теңге» күндеріне арналған футболдан жарысы

2022 жылы 12 қарашада Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің спорт-сауықтыру кешенінде «Қаржы» кафедрасы «Дене шынықтыру және спорт менеджменті» кафедрасымен бірлесіп, Қарағанды қаласының Университет футбол құрамы және қаржы мекемелерінің ерлер командалары арасында Республика және «Ұлттық валюта – Теңге» күндеріне арналған шағын футболдан жарыс ұйымдастырды.
Жалпы Іс-шараның мақсаты болып, ел басшысы Қ.К. Тоқаевтың «ӘДІЛ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» 1.09.2022 ж. халық жолдауын жүзеге асыру мақсатында, халықтың барлық жас топтары арасында ұлт денсаулығын нығайту және бұқаралық спортты дамыту бағыты табылады.
Жарыс айналым форматта өткізілді, нәтижесІнде жеңімпаздар мен жүлдегерлер өткізілген ойындарда жинаған ұпайларын анықтады. Футбол жарысында кәсіпқойлық пен шеберліктің жоғары деңгейін көрсеткен АҚ «БЦК», АҚ «Халық банкі» және Университет оқытушылар құрамы қатысушы командаларын атап өткен жөн.
Жарқын және әсерлі ойындардың қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:
1-орын: «Халық банкі» АҚ; 2-орын: Университет оқытушылар құрамы; 3-орын: «БЦК» АҚ.
Жүлдегерлерге белсенді қатысқаны үшін кубоктар, медальдар мен гармоттар табыс етілді.

 

 

Республика және «Ұлттық валюта - Теңге» күндеріне арналған футболдан жарысы Республика және «Ұлттық валюта - Теңге» күндеріне арналған футболдан жарысы Республика және «Ұлттық валюта - Теңге» күндеріне арналған футболдан жарысы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus