Қазақстан Республикасының көлік апталық күндері

Қазақстан Республикасының көлік апталық күндері

2022 жылғы 19-22 қыркүйек аралығында Алматы қаласында Қазақстан көлік қызметкерлері Одағы мен ҚР ИИДМ ұйымдастырған ҚР көлік апталығы өтті.
Қазақстанның көлік апталығы аясында ұйымдастырылған "NEW SILK WAY" V халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумына 14 елден 350-ден астам делегат қатысты. Кеңесте Көлік саласындағы жаңа мүмкіндіктер, халықаралық автомобиль тасымалдары, теңіз және теміржол логистикасы және кадрлар даярлау мәселелері талқыланды.
Форум жұмысына Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің Маркетинг және логистика кафедрасының меңгерушісі – э.ғ.к., доцент Мажитова С. К. қатысты.
Көлік апталығы аясында Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі ең ірі жүк тасымалы, көлік және логистика бойынша мамандандырылған "Көлік және логистика" халықаралық көрмесі өтті. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған көрме жұмысына 12 елден 150 компания қатысты.
Атап айтқанда, көрмеде Әзірбайжан, Германия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Литва, Өзбекстан, Финляндия, Эстония, Беларусь және Ресейдің көлік және тасымалдау саласындағы компаниялардың бірлескен ұлттық стендтері ұсынылды. Сондай-ақ, Новосибирск облысы кәсіпорындарының ұжымдық экспозициясы, теміржол, теңіз және әуе көлігі, логистика, терминалдар мен жүк тасымалы үшін заманауи жабдықтар алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Шетелдік мамандар бірқатар қазақстандық компаниялардың өнімдеріне қызығушылық танытты.

 

Қазақстан Республикасының көлік апталық күндері Қазақстан Республикасының көлік апталық күндері
Қазақстан Республикасының көлік апталық күндері Қазақстан Республикасының көлік апталық күндері
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus