Бос орындар жәрмеңкесі - 2022

Бос орындар жәрмеңкесі - 2022

Жұмыс берушілер заманауи мамандарға: атап айтқанда, бәсекеге қабілеттілік, кәсібилік, жұмыс ұжымында бейімделу қабілеті, коммуникативті дағдылар сияқты жаңа талаптар қояды. Сондықтан түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесі қашанда өзекті болып табылады және оны шешуге «Бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін» ұйымдастыру және өткізу  оң ықпал етеді.

2022 жылдың 22 сәуірінде Қазтұтынуодағы Қарағанды ​​университетінің базасында «Қарағанды ​​қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ-мен бірлесіп «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өткізілді, онда мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, өңдеуші сектордың, сату және қызмет көрсету секторының  және т.б.өкілдері болып табылатын 40-тан астам кәсіпорын мен ұйымдар қатысты.

Бұл іс-шараға университетіміздің 350-ге жуық түлектері мен студенттері қатысып, оқуды бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы түсінік алды. Жұмыс берушілер оларға өздерінің бос жұмыс орындары, еңбек жағдайлары мен жалақылары, өтініш берушілерге қойылатын талаптар, қызметкерлеріне берілетін әлеуметтік кепілдіктер туралы айтып берді. Түлектеріміз жұмыс берушілермен сөйлесіп, жұмысқа орналасуға ұсыныс алды.

Іс-шараға қатысқан барлық қатысушыларға рахмет!

Бос орындар жәрмеңкесі - 2022Бос орындар жәрмеңкесі - 2022Бос орындар жәрмеңкесі - 2022Бос орындар жәрмеңкесі - 2022

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus