"Сүйікті қаламызға - 88 жыл"

"Сүйікті қаламызға - 88 жыл"2022 жылдың 11 ақпан күні қала күнін мерекелеу аясында Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның Ардагерлер Кеңесінің мүшесі Қабдуев Ақжола Есетұлы және университеттің ардагерлер кеңесінің төрағасы Сүйіндіков Жеңісбек Сүйіндікұлының қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел модераторы, әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор Қ.Ж. Әбілов Қарағанды қаласының пайда болуы мен қалыптасуының қысқаша тарихын айтып берді, қарағандылықтардың фашистік Германияны жеңуге қосқан үлесі туралы баяндады, кеңестік кезеңдегі және тәуелсіздік жағдайындағы қаланың даму мәселелерін қозғады.

Еңбек ардагерлеріне сөз бере отырып, Қ.Ж. Әбілов "қаланың ең басты байлығы - оның халқы, қаланың қалыптасуы мен өсуінің ерлік дәуірінің қатысушылары мен куәгерлері"деп атап өтті. Дөңгелек үстел қонақтары жастардың естеліктерімен, үлкен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, қарағандылықтардың алдыңғы ұрпақтарының эстафетасын абыроймен алып жүрулеріне тілектестігін білдірді.

Дөңгелек үстелге қатысушыларға 1953 жылы Алматы көркем және хроникалы Фильмдер студиясының кинооператорлары түсірген ескі Қарағандының бейнесюжеттері, сондай-ақ университеттің оқу теледидар студиясына құрастырылған Қарағанды туралы бейнесюжеттер көрсетілді.

Қорытындылай келе, қатысушыларға атақты карағандалықтарды білуге арналған шағын-викторина ұсынылды.

 

"Сүйікті қаламызға - 88 жыл" "Сүйікті қаламызға - 88 жыл" "Сүйікті қаламызға - 88 жыл"
"Сүйікті қаламызға - 88 жыл"   "Сүйікті қаламызға - 88 жыл"
"Сүйікті қаламызға - 88 жыл" "Сүйікті қаламызға - 88 жыл" "Сүйікті қаламызға - 88 жыл"

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus