«Атамекен» ҰКП рейтингі - 2021

«Атамекен» ҰКП рейтингі - 2021

ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша  «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы төртінші жыл қатарынан білім беру бағдарламаларының рейтингін өткізіп келеді. Бағалау 19 критерий бойынша жүргізіледі, олардың ішінде ең маңыздылары: түлектердің мансаптық болашағы, олардың жұмысқа орналасуы және орташа жалақысы, білім беру бағдарламаларының сапасы, аккредиттеу, цифрландыру, мазмұнның өзектілігін бағалау және т. б.

2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің келесі 13 бағдарламасы саралау жүргізілген 17 бағдарламаның ішінен республика бойынша үздік ондыққа кіргенін қуана хабарлаймыз:

  • халықаралық қатынастар (1 орын);
  • құқық және экономика негіздері (3 орын;
  • құқықтану (4 орын);
  • логистика (5 орын);
  • ақпараттық жүйелер (5 орын);
  • мемлекеттік және жергілікті басқару (5 орын);
  • азық-түлік өнімдерінің технологиясы (5 орын);
  • мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі (6 орын);
  • әлемдік экономика (6 орын);
  • экономика (7 орын);
  • туризм (8 орын);
  • стандарттау және сертификаттау (8 орын);
  • есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (10 орын).

Біздің студенттеріміз бен әріптестерімізді осындай жетістіктерімен құттықтап, қол жеткен жетістіктермен тоқтап қалмауларын тілейміз!!!

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus