Қазтұтынуодағы ҚарУ QS Stars 4 жұлдызбен марапатталды

Қазтұтынуодағы ҚарУ QS Stars 4 жұлдызбен марапатталды

Quacquarelli Symonds (QS) жетекші әлемдік рейтингтік агенттігінің QS Stars университеттерінің қызметін жан-жақты талдауы әлемнің көптеген елдеріндегі ең табысты және үздік университеттерді анықтауға мүмкіндік береді.

Ұйымдар халықаралық стандарттарға сәйкес таңдалған 10-нан астам санат бойынша бағаланады. Бағалауды тәуелсіз аудиторлар әлеуетті үміткерлер үшін маңызды критерийлер бойынша жүргізеді, өйткені олар таңдалған ЖОО үміттерге сай келетінін, онда оқу қаншалықты ыңғайлы екенін, алған білімі олардың мансабына қалай әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Бұл бағдарламаның ерекшелігі – университеттің халықаралық сарапшылардан ең жоғары рейтингті ала отырып, өзінің күшті жақтары туралы айта алуы.

Әлемде QS Stars бағалауы бойынша «5+ жұлдыз» деген  бағаға ие 10 университет бар.

2021 жылдың соңында жүргізілген халықаралық аудиттің қорытындысы бойынша QS Stars әдістемесі бойынша Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті жалпы «4 жұлдыз» құрметті рейтингімен марапатталды, ал «Жұмыспен қамту», «Педагогикалық қызмет», « Академиялық даму»  санаттары бойынша университетіміз «5 жұлдыз» алды.

Әртүрлі QS рейтингтерінде тұрған 27 отандық университеттің тек 2-інде ғана (Әль-фараби атындағы ҚазҰУ және Қазтұтынуодағы ҚарУ) QS Stars аудитінің сәйкесінше 5 және 4 жұлдыздық балы бар.

Төрт жұлдыз халықаралық біліктілікке ие, «Педагогикалық қызмет», «Академиялық даму» және «Жұмысқа қабілеттілік» санаттары бойынша жоғары деңгейге ие жоғары оқу орнына қойылады, бұл -  білім беру белгіленген QS стандарттарға сәйкес келеді, жұмыс берушілер Қазтұтынуодағы ҚарУ түлектеріне басымдық береді дегенді білдіреді.

Қазтұтынуодағы ҚарУ QS Stars 4 жұлдызбен марапатталды

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus