Білім, ғылым және тәжірибенің интеграциясы

Білім, ғылым және тәжірибенің интеграциясы2021 жылдың 24 қарашасында «Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасы ОӨҒК серіктестерімен бірлесіп «Психология және білім берудегі менеджмент», «Құқық және экономика негіздері», «Әлеуметтік жұмыс» ББ студенттеріне алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тренинг өткізді. Кездесу МФ ЖШС-нің әлеуметтік-психологиялық қызметі «Гиппократ» директорының орынбасары – Нестерова В.А. және кардиолог Тастамбеков А.С. қолдауымен өткізілді.
2021 жылдың 22 қарашасы мен 2 желтоқсаны аралығында «Психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс» кафедрасының оқытушылары және «Психология және білім берудегі менеджмент», «Құқық және экономика негіздері», «Әлеуметтік жұмыс» ББ студенттері Киев ұлттық Шевченко университетінің (Украина) э.ғ.д., профессор Г.И.Купалованың «Зияткерлік меншік негіздерімен ғылыми экономикалық зерттеулердің әдіснамасы мен ұйымдастырылуы: халықаралық озық тәжірибені бейімдеу» тақырыбындағы дәрістерін тыңдады.
30 қараша мен 3 желтоқсан аралығында университет пен Кубан мемлекеттік университетінің ынтымақтастығы аясында «Психология және білім берудегі менеджмент», «Құқық және экономика негіздері», «Әлеуметтік жұмыс» ББ барлық оқыту нысандарының оқытушылары мен студенттеріне КубГАУ профессоры, психология ғылымдарының кандидаты Н.П.Петрова «Тренерлерге арналған тренинг» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

 

Білім, ғылым және тәжірибенің интеграциясы Білім, ғылым және тәжірибенің интеграциясы Білім, ғылым және тәжірибенің интеграциясы
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus