Ұлт көшбасшысы және Тәуелсіздік

Ұлт көшбасшысы және Тәуелсіздік2021 жылдың 2 желтоқсанында ӘСП және ҚХА кафедрасының оқытушылары Г.Н. Джабаева және А.С. Исабекова Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің кітапхана қызметкерлерімен бірігіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және еліміздің Тұңғыш Президенті күніне арналған "Ұлт Көшбасшысы және Тәуелсіздік" атты интерактивті портрет кеші ұйымдастырылды.
Аға оқытушы Г.Н. Джабаева кіріспе сөз сөйлеп, Қазақстан-өз экономикасын табысты дамытып, өркендеу мен тұрақтылыққа апаратын қымбат реформалар мен қайта құруларды алға жылжытатын жас, еркін және тәуелсіз мемлекет екенін айтты.
Кітапхана қызметкерлері "Н.Ә.Назарбаев болашаққа ұмтылған қазіргі Қазақстанды құрушы" атты еңбегінде Қазақстанның жарқын жетістіктерін айшықтап, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы сыр шертеді.
Библиограф М.Н. Ибраева ұсынылған әдебиеттерге библиографиялық шолу жасап, ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың өмірінің негізгі кезеңдері – оның балалық шағы, жастық шағы мен кемелдену фактілері, Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдеріндегі Мемлекет Басшысының рөлі туралы айтып берді.
Көрменің шолуында көрнекті тұлғаның қалыптасуы туралы тақырып қозғалды.
Іс-шара соңында қатысушыларға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған бейнеролик көрсетілді және "Құқықтану" білім беру бағдарламасының студенттері белсенді қатысқан интерактивті ойын өткізілді. Ең белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.

 

Ұлт көшбасшысы және Тәуелсіздік Ұлт көшбасшысы және Тәуелсіздік Ұлт көшбасшысы және Тәуелсіздік
Ұлт көшбасшысы және Тәуелсіздік Ұлт көшбасшысы және Тәуелсіздік Ұлт көшбасшысы және Тәуелсіздік
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus