«Жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік жұмыс» тақырыбындағы платин дәрісі

«Жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік жұмыс» тақырыбындағы платин дәрісі

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті тәжірибелі мамандарды оқытуға тартуды басым бағыты деп санайды.
«Халықты жұмыспен қамту және оны реттеу», «Әлеуметтік жұмыстың әдістері мен технологиялары» курстарын оқу шеңберінде психология, педагогика және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ұйымдастыруымен Шахтинск қаласы «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ бас маманы, әлеуметтік қызметкері Ж.Ж. Мұқаш «әлеуметтік жұмыс» білім беру бағдарламасының студенттеріне «Жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік жұмыс» тақырыбында «платин» дәрісі өткізілді.
Дәріс барысында Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңғырту драйвері ретіндегі әлеуметтік жұмыстың рөлі атап өтілді, халықты жұмыспен қамту жөніндегі нормативтік-құқықтық база талданды, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметіндегі әлеуметтік қызметкерлердің рөлі, олардың атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі жеке бағдарламаны іске асырудағы рөлі ашылды.

 

«Жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік жұмыс» тақырыбындағы платин дәрісі «Жұмыспен қамту саласындағы әлеуметтік жұмыс» тақырыбындағы платин дәрісі
Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus