Қазтұтынуодағы ҚарУ әлемдік рейтингте

Қазтұтынуодағы ҚарУ әлемдік рейтингте

2021 жылдың 21 сәуірінде Times Higher Education бүкіл әлемдегі университеттердің әсерін жан-жақты бағалауды жариялады - THE Impact Rankings 2021.
Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті осы беделді рейтингке қатысып, Қазақстанның басқа да 7 ұлттық және жетекші жоғары оқу орындарымен қатар 801+ тобына кірді. Жекелеген мақсаттарды іске асыруда біздің университеттің ұстанымы одан да аса көрнекті болып көрінеді және 301 + деңгейіне жетеді.
THE Impact Rankings - университеттердің сапасын бағалау саласындағы көшбасшылардың бірі. Рейтингтің мақсаты жоғары білімнің қоғамның дамуына әсерін талдау және Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) тұрақты даму саласындағы мақсаттарына қол жеткізу болып табылады. Рейтинг университеттерге әлемдік нарықтағы орнын және олардың миссиясының сәйкестігін анықтауға көмектеседі.Бұл рейтинг талапкерлерге бүгінгі таңда қандай университеттер олардың ұмтылыстарына, қабілеттері мен өмірлік құндылықтарын барынша жүзеге асыруға сәйкес келетінін көрсетеді. Рейтинг сондай-ақ жоғары білім беру мекемелеріне трансформациялық оқыту, ғылыми зерттеулер мен инновацияларды таратуға оң ықпал етеді.
Қазтұтынуодағы ҚарУ студенттерін, түлектерін, профессорлық-оқытушылық құрамын лайықты жеңісімен құттықтаймыз!
Бұл бүкіл ұжымның табысқа жетуге, сұранысқа ие бағдарламалар бойынша жоғары білікті кадрлар даярлауда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге және өңірді дамытуға бағытталған қызметінің нәтижесі.

 

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus